ДИКТОР: «Астана-Нан Chemicals» пестицидтер мен агрохимиялық өнімдер шығаратын зауыты өңірдегі жетекші өндіріс орындарының бірі. Онда шығарылатын өнімдер фермерлерге астық сапасын арттыруға және егінді зиянкестерден қорғауға көмектеседі. Кәсіпорында заманауи технологиялар мен қатаң экологиялық стандарттар қолданылады.
РКС: Зауыт халықаралық стандарттарға сай және экологиялық, өндірістік және санитарлық қауіпсіздіктің барлық нормалары мен талаптарын ескере отырып салынған. Жобалық қуаттылығы жылына 15 миллион литр өсімдікті қорғайтын түрлі химиялық заттар шығарады.
СНХ: АЛЕКСАНДР ФИЛИППОВ, ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ БАС ТЕХНИКАЛЫҚ БАСШЫСЫ: Кәсіпорынға келгенімде бір ғана цех жұмыс істеп тұрды, сол кезде құрылыс, алдын ала монтаждау жұмыстары жүріп жатты. Ескі құрал-жабдықтардың барлығы алынып, жаңа қондырғылар орнатылды. Барлығы жаңа 2010 жылы қойылған. Ал 2011 жылы «Смерч» деген атпен алғашқы гербицидтік өнімдер шығарылды. Жаңа цехтар салынып, құрамында глефотсат бар өнімдер өндірісі жолға қойылды.
РКС: Зауытта көп жылдан бері үздіксіз еңбек етіп келе жатқан нағыз кәсіби мамандар жұмыс істейді. Солардың бірі 10 жылға жуық еңбек тәжірибесі бар сайт менеджері Семён Волков. Айтуынша ол үшін бұл тек кәсіп емес, қуана келетін сүйікті жұмысына айналған. Бүгінде кәсіпорында 188-ге жуық жұмысшы еңбек етуде.
СНХ: СЕМЕН ВОЛКОВ, КӘСІПОРЫННЫҢ УЧАСКЕ БАСТЫҒЫ: Мен мұнда 2015 жылы учаске бригадирі болып жұмысқа орналастым, қазір учаске басшысымын. Біз өсімдіктерді қорғау құралдарын шығарамыз, бізде оның 40-тан аса түрі бар, олар үнемі жаңартылып отырады. Біз тек сұйық емес, құрғақ гербицидтерді де шығарамыз. Жұмыстың ерекшелігі біз өсімдіктерді қорғаймыз және өңдейміз.
РКС: Мамандардың айтуынша, зауыт өңірдегі ауыл шаруашылығының дамуына ықпал етеді. Алдағы жылдары кәсіпорын агрохимиялық өнімдерге деген сұранысты қанағаттандыру үшін өндіріс көлемін айтарлықтай арттыруды жоспарлап отыр.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ.