ДИКТОР: Пәкістан мемлекетінің Лахор қаласында аралас жекпе-жектен Азияның 10-шы чемпионаты аяқталды. Осынау байрақты бәсекеде Қазақстан ұлттық құрама командасы 1-ші орынға көтерілді. Ақмола облысының екі спортшысы құрлық чемпион атанды.
РКС: Соңғы жылдары Қазақстанның аралас жекпе-жек шеберлері спорттың биік шыңына көтеріліп келеді. Олар Азия мен әлем чемионаттарында жеңістен жеңіске жетуде.
СНХ: БАЯН ЖАҢҒАЛОВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ: Азия чемпионатына ел құрамасының сапында Ақмола облысынан 4 спортшы қатысты. Оларды облыстық ұлттық спорт түрлері жоғары спорттық шеберлік мектебі қаржыландырып, бірнеше рет оқу-жаттығу жиындарына жіберді. Пәкістанда Зухроб Велиев, Матильда Бачурина, Айтқали Амантай және Дүйсен Әділ сияқты талай жарыста сыналған аралас жекпе-жек шеберлері еді.
РКС: Әлем таныған аралас жекпе-жектің хас шебері Шавкат Рахмоновты тәрбиелеп шығарған білікті бапкердің кейінгі толқын шәкірттері де Азия чемпионатында алтыннан алқа тақты.
СНХ: ЗУХРОБ ВЕЛИЕВ, АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ: 10 жылға жуық еркін күреспен айналыстым. Соңғы уақытта елге танымал бапкер Баян Жаңғаловтың қарамағында жаттығамын. Азия чемпионатының алдында бірнеше оқу жаттығу жиынынан өтіп, жақсы дайындықпен бардық. 2023 жылы Бахрейнде өткен Азия чемпионатындағы жеңісімді қайталадым.
СНХ: МАТИЛЬДА БАЧУРИНА, АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ: Жарысқа әр спортшы жеңіс үшін барады. Сондықтан мықты дайындалу керек. Осы жолы 21 жастан асқан әйелдер қатарында күш сынастым. Финалда Ливан өкілін айқын басымдылықпен жеңдім. Осы орайда бапкерім Баян Жаңғаловқа айтар алғысым шексіз.
СТЭНДАП: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Азия чемпионатынан жеңіспен оралған жерлестеріміз Әлем біріншілігіне дайындалып жатыр.
ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ