ДИКТОР: Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің ұжымы да ел Президентінің Қазақстан халқына арнаған жолдауын тыңдады. Оқытушылық құрам мен студенттердің пікірінше саяси маңызды құжатта бүгінгі күннің ең өзекті мәселелері айтылды.

РКС: 2025 жыл жұмысшы мамандықтар жылы болмақ. Президент өз сөзінде осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажеттігін атап өтті. Өңірдің ұстаздар қауымы – бұл өте уақытылы әрі дұрыс қабылданған шешім деп отыр. Өйткені, елімізде жұмысшы мамандықтар әлі де тапшы.

СНХ: ӨМІРБЕК ТӨЛЕГЕН, Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ: Мына білім саласына келетін болсақ, жұмысшы кадрларды даярлау мәселесі бүгінгі күні өзекті мәселе болып отыр. Өйткені шаруашылықтың барлық саласында жұмысшы мамандар жетіспейді. Оның, жұмысшы мамандардың мәртебесін арттыру, соған байланысты 2025 жылды жұмысшы кадрлар жылы деп жариялап отыр. Бұл әрине қолдайтын нәрсе.

 РКС: Жолдауда экономика өскен сайын әлеуметтік теңсіздік азайып, орта тап күшейе түсуі керек. Сонда ғана еліміздің әлеуетін күшейтуге болады. Ол үшін кез келген істің басты өлшемі тиімділік болуы тиіс. Яғни, әрбір шешім, әрбір жоба ең алдымен елге пайдалы болуы қажет,-делінген. Бұл шешімді жастар да қолдап отыр.

СНХ: МЕДЕТ НҰРҚАН, Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ: Президент экономикалық өсімін қалпына келтіру халықтың әл-ауқатын арттыру, нақты секторларды дамыту, ел болашағы үшін елге инвестицияларды тарту жөніндегі мәселелерге тоқталып, Парламент пен үкіметтің алдында нақты міндеттерді қойды. Бұл бес бағдарлы жобаны біз қолдаймыз. Бұл біз мақсат-міндеттерді елбасы саясатының сабақтастығын қамтамасыз ете отырып, және жүйелі реформаларды жүзеге жүргізе отырып, қол жеткізе аламыз деп ойлаймын.

РКС: Колледж ұстаздары алдағы уақытта Жолдаудың басым бағыттарын студенттерге жан-жақты түсіндіріп, бұл бағытта түрлі шаралар жүргізуді жоспарлап отыр.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ