ДИКТОР: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында бүлдіршіндерді қолдау үшін жыл сайын "Ұлттық қор - балаларға" жобасы аясында төлемдер беріліп жатқанын алға тартты. Жоба іске қосылғалы бері 7 миллион баланың есеп шотына 300 млрд.теңге аударылған.
РКС: "Ұлттық қор - балаларға" жобасы 1-ші қаңтардан бастап жүзеге асты. 18 жасқа дейін жиналған қаражатты екі мақсатқа пайдалануға болады. Соның бірі - білім саласына жұмсауға мүмкіндік қарастырылған. Қаламқас Қасымова 3 баланың анасы. Жыл сайын "Ұлттық қор - балаларға" жобасы аясында жиналған қаражатты болашақта балғындардың білімін арттыруға жұмсауды көздеп отыр.
СНХ: ҚАЛАМҚАС ҚАСЫМОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлының Қазақстан халқына Жолдауын мен толықтай тыңдадым, көрдім. Өте ризамын! Осылай міне біздің балаларымыздың болашағы үшін аса көңіл бөлініп жатыр. Жыл сайын балаларымыздың шоттарына ақша да түсіріп жатыр. Ол бізге деген үлкен бір жеңілдік. Өйткені, Алла жазса болашақта ол қаражатты балапандар өскенше өздерінің білім саласына жұмсай алады. Осылай біздің еліміздің халқы өсіп жатқаны, дамып жатқаны қатты қуантады!
РКС: Президент бұл қаражат өскелең ұрпақтың үлкен өмірге қадам басуына мүмкіндік беретінін атап өтті. Өйткені, балалар кәмелеттік жасқа толғаннан кейін ақшаны болашағына инвестиция ретінде білім алуға немесе әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында баспана алуға ғана жұмсай алады. Баспананы тек ел аумағынан ғана алуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, 18 жасқа дейін жиналған ақша Ұлттық қорда тек 10 жыл сақталады. Кейін зейнетақы қорына аударылады.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ