ДИКТОР: Президент өз Жолдауында педагогикалық бағыттағы жоғары оқу орындарына студенттерді қабылдауды күшейту қажеттігін айтты. Білімсіз елдің алға жылжуы мүмкін емес. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің оқытушылары мемлекет басшысының Жолдауын тыңдап, оны талқылауға жыл сайын жиылады. Маңызды кездесуде негізгі бағыттар белгіленді.

РКС: Президент ең алдымен азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жүйелі экономикалық қайта құруларға басты екпін түсірді. 9 басым бағыт айқындалды.

СНХ: АМАНАЙ СЕЙІТҚАСЫМОВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ РЕКТОРЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ: Жолдаудың негізгі мәселесі, әрине, ол экономика саласы солай ғой, қазір қоғамды қандай мәселелер толғандырып жүр. Ол мысалға қазір мынау +скл+референдум иә, Қазақстанда атом электростанциясы салу, мысалы. Одан кейін мінекей экология саласы, одан кейін мынау бәріміз көп көріп кеттік, су тасқынынан кейін су мәселесі. Суға үнемдеу қарау. Су көздерін ашу тағы- тағы дегендей. Жалпы мысалға, әсіресе мынау банк несие қаржы саласына көп мән берді еді, өйткені қазір қарап отырсақ, Президент нақты мақсат қойды, осы банктер туралы жаңа заң қабылдады. Банктер туралы жаңа заң қабылдайды, яғни банк жұмысын одан әрі жетілдіру, халыққа несиелерді қолжетімді қылу, қаржыны мінекей, жаңағы ашық түрде болу деген сияқты. Осының ішінде маған тағы бір ұнағаны, мынау жол логистикасы қазіргі уақытта енді экономика өсіп келе жатыр соған байланысты сұраныс өте көп. Ол дегеніміз темір жол саласы кәдімгі, одан кейін барып мынау кәдімгі жол қатынасы, одан кейін барып теңіз, су логистикасы. Міне осы жағын одан әрі жетілдіру.

РКС: Университет лекторы Ерлан Наурызбаев Жолдаудың тоғызыншы бағытындағы негізгі аспектілерге тоқталды. Онда қоғамда заң мен тәртіптің идеологиясын жан-жақты бекіту қажеттігі айтылған. Маңызды міндеттің бірі – есірткімен күрес.

СНХ: ЕРЛАН НАУРЫЗБАЕВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ ҚҰҚЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ ЛЕКТОРЫ: Қазіргі заманның кеселі болып саналатын есірткі мәселесі оның ішінде ситетикалық есірткі мәселесі өте мкең ауқымды қарастырылып жатыр. Мен осы саланың маманы ретінде айтайын дегенім, расында келгенде біздің болашағымыз Қазақстан Республикасының болашақ жастар болатын болса, жастардың денсаулығы өте бұлыңғыр болып тұр. Неге десеңіз синтетикалық есірткі қазіргі кездегі өте бір қиын тақырыптардың біреуі бұл тақырыптың қиын болатын, себебі жастар білімсіздіктен немесе аяқ астынан тез пайда табамын деп осы қылмыстық топтардың шырмауына түсіп қалуы әбден мүмкін. Сондықтан қазіргі кезде мен заңгер ретінде осы сала бойынша көптеген дәрістер оқып жүрмін және Ақмола облысы бойынша ол мектептерде университет аумағында осы тақырыпты көп айтып жатырмын.

РКС: Жастардың құқықтық және заңдық тұрғыдағы сауаттылығын қалыптастыру маңызды. Лектордың пікірі осындай. Мемлекет басшысының Жолдауы жүзден астам бастаманы, ұсыныстар мен тапсырмаларды қамтығанын айта кету керек.

МАФТУНА НАЖИЕВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ