ДИКТОР: 30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. 1995 жылдың 30-шы тамызында елімізде бүкілхалықтық референдум өтіп, Қазақстанның жаңа Ата Заңы қабылданды. Мерекелік датаға орай облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті салтанатты шара ұйымдастырды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Шараға ардагерлер, сондай-ақ департаменттің жеке құрамы қатысты. Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін атқарушы Игілік Хасенов барша қазақстандықты атаулы мерекемен құттықтады. Мереке күні еңбегімен ерекшеленген бірқатар қызметкердің шені жоғарылады.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Марапатталғандардың бірі – Замира Мәдеева. №65-ші мекемеде кезекші бөлімінде еңбек етеді. Кеудесіне «Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі» төсбелгісін қадады.
СНХ:ЗАМИРА МӘДЕЕВА, №65 МЕКЕМЕСІ ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫ БАСТЫҒЫ КЕЗЕКШІ КӨМЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Осыған қоса, Ақмола облысы бойынша қылмыстық-атқару департаментінің басшылығымен де менің қызметім аталып өтті. Ең үздік бейнеролик атауында біздің мекеме жүлделі орын алды. Және де мен қызметім үшін алғыс хат алдым. Сондықтан осы барлық жұмыстарымның жемісін көріп жатқаныма қуаныштымын. Барша Көкшетау қаласының және Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтарын келе жатқан Конституция күнімен құттықтаймын. Еліміз аман, аспанымыз ашық әрдайым болсын.
СНХ: АРКАДИЙ МАКИШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Ішкі істер министрінің және Департамент бастығы бірқатар қызметкерлерді марапаттады. Барлығын келе жатқан мерекемен құттықтағым келеді. Баршаңызға зор денсаулық, табыс, бар жақсылық тілеймін.
РКС: Мерекелік шара жергілікті өнерпаздардың концертіне ұласты.
ИНТЕРШУМ:
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ