ДИКТОР: Ата заң – тәуелсіздіктің тірегі! Көкшетауда Конституция күні қарсаңында облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен квест ойыны өтті. Оған қаланың белсенді студенттері мен мектеп оқушылары қатысты.
РКС: Орталық саябақта бес алаң ұйымдастырылған. Оның әрқайсысында қатысушылар қызықты тапсырмаларды орындауы шарт. Ата заңды білу әр азаматтың парызы. Танымдылықты арттырып, Отанға деген сүйіспеншілікті оятуда интелектуалды квесттердің маңызы зор.
СНХ: МЕЙІРЛАН ЖАМБЫЛОВ, КВЕСТ ОЙЫНДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ: 15 команда, үш-үш адамнан, 45 адам, студент. Осы квест ойынының мақсаты ол Конституция күніне орай барша студенттердің білімін ынталандырып, жаңа ақпарат беру, мәлімет беру. Қаламыздың студенттері, әр жақтан жиналып келген, оқып жатқан, жаңа ғана оқуға келе жатқан студенттер.
РКС: Шараның мақсаты жастардың арасында Ата Заңға деген дұрыс түсінік пен көзқарасты қалыптастырып, ел тарихына деген қызығушылығын арттыру. Ойынның басты шарты тиісті сұрақтарға тез әрі дұрыс жауап беру, сөзжұмақтарды шешу. Әр дұрыс жауап 1-ден 5-ке дейінгі баллмен бағаланды.
СНХ: МИРАС БОЛАТ, КВЕСТ ОЙЫНҒА ҚАТЫСУШЫ: Квест өте қызықты форматта өтті. Себебі, балаларға ойын арқылы Конституция тарихын үйренуге шабыт беріп, кішігірім сыйлықтар сыйлаған болатын. Бұл біздің еліміздің жастарына Конституцияның тарихын білуге деген құштарлығын арттырады деген ойдамын.
РКС: Ойынға 1 қатысып, жеңімпаз деп танылғандар дипломдармен және арнайы естелік сыйлықтармен марапатталды. Өз кезегінде бұл қатысушыларды жігерлендіріп, білімдерін шыңдауға мүмкіндік берді.
МАФТУНА НАЖИЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ