ДИКТОР: 30-шы тамыз Конституция күні. Қолданыстағы Ата Заңымыз тәуелсіз мемлекет ретінде дамудың бірден-бір кепілі. Мереке қарсаңында Көкшетауда 4 мемлекеттік қызметші Қазақстан Конституциясы мен заңдарын сақтауға, халыққа адал адал әрі кәсіби қызмет етуге салтанатты түрде ант берді. Олар мемлекеттік қызметтегі жолын жаңадан бастаған 30 жасқа дейінгі жас мамандар.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Былтыр Конституцияға бірқатар өзгеріс енгізілді. Елімізде ауқымды реформалар қолға алынып, тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Азаматтардың құқығы мен бостандықтарын қорғау тетіктері нығая түсті. Қала әкімінің міндет атқарушы Гүлмира Шұқатова сөз сөйлеп, жиналғандарды айтулы мерекемен құттықтады.
СНХ: ГҮЛМИРА ШҰҚАТОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Конституция еліміздің тұрақтылығы мен тәуелсіздігін айқындайтын құжат. Бейбітшілік пен келісімнің кепілі. Мемлекетіміздің демократиялық дамуының мызғымаз ірге тасы. Біздің Конституция азаматтарға негізгі құқықтармен бостандықтарына кепілдік береді. Баршаңызды Ата Заңымыз Конституция күнімен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, еңбекте табыс, отбасыларыңызға бақыт тілеймін!
РКС: Сонымен қатар, шара барысында елеулі еңбегі үшін 30-дан астам мемлекеттік қызметшіге Алғыс хат табысталды. Олардың қатарында, ұлағатты ұстаздар да болды. Соның бірі - Анар Уәлиева. Ол тілдерді оқыту орталығында ағылшын пәнінің мұғалімі. Балаларға сапалы білім беру арқылы өз үлесімді еліме қосуға әрдайым дайынмын,-дейді Анар Уәлиева.
СНХ: АНАР УӘЛИЕВА, ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МҰҒАЛІМІ: Өте ризамын! Қуаныштымын! Білім беру саласында 15 жылдан артық қызмет етіп келемін. Өз еліме, Отаныма әрдайым қызмет жасап, адал еңбек етуге дайынмын.
РКС: Мерекелік шара жергілікті өнерпаздардың қатысуымен ұйымдастырылған концерттік бағдарламаға ұласты.
ИНТЕРШУМ:
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ