ДИКТОР: Жақсы адуанына қарасты Қазақстан ауылының маңында Шұңғырша тұқымының рухына тағзым етілді. Ұрпақтары жиылып ас берді.

РКС: Осыдан шамамен 170 жыл бұрын Шұңғырша тұқымы Есіл өзенін жағалай қоныстанған екен. Одан Шүйіншіәлі, Әлмамбет, Марғұлан ұрпақтары тарайды. Бабаларының рухына тағзым етуге 500-ден астам адам жиылды. Бірқатары Қарағанды, Павлодар мен Қостанай облыстарынан келді. Ата-баба рухына бағышталып құран оқылды.

СНХ: МАНАТ ҚҰМАРОВ, ШАРАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ: Бүкіл Шыңғырша ағайындар, соның ішінде Шұңғыршадан туған Шишәлі, Шұғыл, Жарасқұл осы ұрпақтардың басын қосып, үлкен ас беріп жатырмыз. Енді одан қалды осы көрші қауым Бөгенбай, Мәнте, Сарғалдақ, Тарақты рулары. Осында жиналған ағайындар бір 500-600 адамдай мінекей Құран бағыштап, ата-бабамыздың әруақтарын тербетіп, үлкен ағалар келіп, мінекей осы неше түрлі спорттық ойындар,күрес, ат жарыс, кір көтеру, қой көтеру осындай қазақтың салт дәстүрімен өткізіп жатырмыз.

РКС: Одан соң шара спектакльге және концерттік бағдарламаға ұласты. Қойылымда актерлер Шұңғырша тұқымының шығу тегін көрсетті. Одан соң барлық ұрпағын таныстыру рәсімі өтті. Ақсақалдардың иығына шапан жабылды.

СНХ: МӘДЕС АҚПАШЕВ, ШҰҢҒЫРША ТҰҚЫМЫНЫҢ АҚСАҚАЛЫ: Шұңғырша аталарымыз ертеде 18-ғасырда Көкшетаудан қоныс аударып, осы елге келіп, Есіл бойын жағалап,осы елдің ұрпақтары, осы елде міне жүріп жатырмыз. Сол аталарымыздың арманын орындайық деп, былтырдан бері шара қолданып, дұға берейік, аталарымыздың ақ баталарын алайық деп, осы елімізде, ауылымызда 10-11 зират бар. Соның басын көтеріп, бәрін дұрыстап, міне Алланың бұйырғымен, Алла бұйыртып, міне, күн де жақсы болып тұр.

РКС: Сондай-ақ ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды. Қатысуға ниет білдіргендер қазақша күрес, бәйге, қойды иыққа салып алып көтеру мен, армрестлингтен сайысты. Жеңімпаздар ақшалай сертификаттармен марапатталды.

МАФТУНА НАЖИЕВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕН, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ