ДИКТОР: Ерейментау ауданының тумасы Ақбай Мермұқанұлының 100 жылдығына орай ас беріліп, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Еліміздің бірнеше облысынан келген шабандоздар бәйгеде өзара кім мықтыны анықтаса, көкпарда негізінен жергілікті командалар өнерлерін паш етті.

КСМ: Ақбай Мермұқанұлы 1924 жылы Ерейментау ауданының бұрынғы Боранқұл ауылында дүниеге келген. Көп жылдар бойы ауыл шаруашылығы саласында еңбек етті. Жауапты қызметтер атқарды. Жаны жылқыға жақын болды. Сондықтан жүз жылдығына арналған аста ат спорты дәріптелгені бекер емес.

СНХ: АҚЖІГІТ МЕРМҰҚАНОВ, ҰЛЫ: Әкеміз жылқы шаруашылығымен көп айналысты. Бәйгелерді жіберген жоқ. Өзінің жақсы "Құлагер" деген жылқысы болды. Сонымен бірнеше жүлде алған адам. Ауыл шаруашылығында көп еңбек сіңірген. Зоотехник, управлющий. Жылқышы болған. Үлкен маман.

СНХ: ЗҰЛҚАШ ШІРКЕНОВ ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫНЫҢ ТУМАСЫ: Ат жаратты. Мен өзімді ес білгелі аттың үстінен түспеген азамат. Атқа жақсы қарайтын, аттың бабын білетін.

КСМ: Жалпы Ерейментау ауданында ұлттық спорт түрлері жақсы дамып келеді. Астанада өтетін 5-інші дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында өткен бұл жарыстар соның айқын дәлелі, - дейді көпшілік.

СНХ: НҰРЛАН МҰҚАТОВ ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Ұлттық ойындар біздің Ерейментау ауданында бастама алған кезінде, Кеңес дәуірінде де. Көп жігіттер мастар спорта атағын алып отыр. Сондықтан ұлттық ойындардан, әсіресе, осы көкпар жақсы дамып отыр. Біздің аудан ауыл шаруашылығы ауданы, оның ішінде, жылқы жақсы дамып жатыр.

КСМ: Ақбай Мермұқанұлы 11 баланың әкесі. Жары екеуі ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырды. Әкенің ақыл-кеңесі балаларына өмірлік азық болды.

СНХ: ӘЛІП МЕРМҰҚАНОВ, ҰЛЫ: Еңбек етуің керек. Еңбек етсең, еңбегін жанады, сонда ғана, елге абыройлы азамат боласын деп. Сол есімде қалған. Содан міне сол кісінің айтқанымен, бізді институтқа түсірді бәрімізді. Сол кісінің айтқан сөзі: тек қана еңбек. Сол қағидамен жүріп жатырмыз.

КСМ: Балалары сан салада еңбек етті. Жай ғана жұмыс істеген жоқ, елге қажетті қызметтерді атқарды. Қазіргі уақытта да сол үдеден шығып жүр.

СНХ: СӘКЕН КӘКПЕНОВ, ДӘРІГЕР: Бұл өте мықты отбасы. Қазіргі уақытта "Мерейлі отбасы" деген байқау бар ғой. Бұл кісінің жанұясы жеңімпаз болуға әбден лайық. Мен Ақжігіт Ақбайұлымен әріптеспін. Ол білікті дәрігер. Ауыл медицинасының қыр-сырын жетік біледі. Қазіргі уақытта зейнетке шықса да, жұмыс істеп жүр.

КСМ: 31 шақырымдық аламанның жеңімпазына автокөлік табысталды. Тоқ және құнан бәйгеде бірінші болғандарға мотоциклдер берілді. Жүлдегерлер де құр алақан қайтқан жоқ. Бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал көкпардың жүлде қоры 1 миллион теңге болды. Сондай-ақ, үздік ойыншыға жылқы табысталды.