ДИКТОР: Бурабай ауданында агротуризмді дамыту және ілгерілету тақырыбында тәжірибелік сипаттағы семинар өтті. Маңызды шараға облыстың ауылдық өңірлерінен және еліміздің өзге де аймақтарының 20-дан астам өкілі қатысты.
РКС: Семинар барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, табысты кейстерді талқылады. Жетісу облысынан келген кәсіпкер Камила Вишнякова табиғи бал өндірісімен айналысады. Ол әлемдік нарықта сұранысқа ие. Агротуризм саласына қандай қолдау қажет екені жайында өз ойымен бөлісті.
СНХ: КАМИЛА ВИШНЯКОВА, СЕМИНАРҒА ҚАТЫСУШЫ (ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ): Мен әлдебір өндіріс басталған бастапқы деңгейде стартаптарды қолдауда қауымдастық құруды ұсынар едім. Өйткені алғашқы бетте көмекке зәру болады. Сондай-ақ, субсидиялау жағына да ерекше басымдық берілсе деймін. Яғни туризмді дамыту үшін мүмкіндігінше көбірек ақша бөлінсе. Өйткені, болашақта Қазақстан экономикасын көтеруге септігін тигізетін үлкен сала.
СНХ: ХАЛИДА ӘШІМОВА, ҚАЗАҚСТАН АГРО ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ТУРИЗМ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Мұнай семинарлардың маңызы зор. Агротуризммен айналысатын және осы бағытта табысты кейстері бар ауыл тұрғындары да өте көп. Оларды көпшілік ортаға таныстыру қажет. Тәжірибелерімен бөліседі. Агротуризм саласына сипкер ретінде елден тысқары жерлерден де өкілдерді шақырамыз. Мәселен, осы саланы дамытуға қатысты Беларусь мемлекетінің тәжірибесін ақмолалық кәсіпкерлерге таныстыру үшін халықаралық агротуризм ұйымының вице-президенті де келгенін айтқым келеді.
РКС: Әр ауылға кластерлік әдісті енгізу қарастырылуда. Тұрғындарды қолөнерге үйрету және бір тақырыпта шеберлік сабақтарын өткізу жоспарланып отыр. Қазақ тілін, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды, атқа міну мәдениетін үйретуге бағытталған бағдарламалар әзірленуде. Мұндай семинарлар облыста агротуризмнің дамуына ықпал етпек.
САБИНА ЖАМШИТОВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.