ДИКТОР: Бұланды ауданындағы Алтынды ауылдық округінде 1270 тұрғын бар. Олар Алтынды, Боярка, Елтай, Жаңаталап, Алакөл елді мекендеріне қоныстанған. Соңғы жылдары жұртшылықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы анағұрлым жақсарды.

РКС: Алтынды ауылына кіре бергенде жаңадан бой көтерген фельдшерлік акушерлік пункттің төңірегінде тынымсыз еңбек етіп жатқан құрылысшылар бірден көзге түседі. Олардың қимылдары – ширақ, жұмыс қарқыны сапалы.

СНХ: АМАНБЕК РЫСБАЕВ «ДЕЛО «ФБК» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ҚҰРЫЛЫС ШЕБЕРІ: Қазіргі сәтте құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Фельдшерлік-акушерлік пункттің төңірегін абаттандыру-көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Медициналық жабдықтарды кіргізіп жатырмыз. Барлық жұмыстар маусымның алғашқы онкүндігінде толығымен бітеді.

 РКС: Ауылдық округіндегі ауқымды істер жаз айларында тіптен ширай түсті. Ол жергілікті биліктің назарынан тыс алған емес.

СНХ: МАРАЛ БАЙЖАНОВ, АЛТЫНДЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: Қазіргі таңда Алакөл ауылының үш көшесіне су құбырыр тартылып жатыр. Оны тамыз айында бітірудіі жоспалап отырымз. «Amanat» партиясының жобасымен ФАП салынып бітті. Төңірегі көгалдандырылып жатыр.

ИНТЕРШУМ:

STAND-UP: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Қуатты техникалар тоқтаусыз жұмыс істеуде.

СНХ: МИХАИЛ КАЛИНИН, УЧАСКЕ БАСТЫҒЫ: Жұмыс қарқыны еселеп артуда. Осы Алакөл ауылында 15 адам жұмыс істьеп жатыр. техника жеткілікті. Құбырлардың сапасы жақсы. Бұл жұмысты тамыз айында толығымен бітіреміз.

РКС: Алтынды ауылдық округіндегі пайдалануға берілетін әлеуметтік нысандар жергілікті тұрғындарға мінсіз қызмет көрсететін болады.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ. КӨКШЕ АҚПАРАТ