ДИКТОР: «Оқжетпес» футбол командасы Премьер-лиганың оныншы айналымында алматылық «Қайратты» 2:1 есебімен жеңді. Алғашқы минуттардан-ақ алаң иелері допты бақылауға алып, қарсылас қақпасына шабуылдарын үдете түсті. Бірақ «Оқжетпес» қорғанысты мықтап бекітіп, қарсы шабуыл арқылы нәтижеге қол жеткізуге тырысты. Александр Заруцкий Даурен Жұматқа қарсы ойын тәртібін бұзып, пенальти белгіленді. Екінші таймда көкшетаулық команда артықшылығын үдетіп, Страхиня Йованович көзге түсті. Бірақ, матчтағы шиеленіс қайталанды. Дастан Сатпаев Қажымұқан Толепберген мен Нияз Ыдырысов арасындағы түсініспеушілікті ұтымды пайдаланып, гол соқты. Ойынның қалған бөлігінде «Қайрат» бірнеше қауіпті шабуыл жасағанымен, есепті теңестіре алмады. Осылайша оқжетпестіктер 2:1 есебімен жеңіске жетті. «Қайрат» – 23 ұпаймен турнир кестесінде 3-орында. Ал «Оқжетпесте» – 17 ұпай. Осылайша олар үздіктер тобына жақындап, турнирдің жоғарғы бөлігінде өз орнын нығайтты.