ДИКТОР: Жаманбаевтар әулеті Атбасардағы электровоз жөндеу зауытындағы алғашқы еңбек жолы 1940 жылдан басталады. Әулет өкілдерінің бірі Сейфулла Жаманбаевтың осы зауыттағы еңбек өтілі 38 жылдан асты.
РКС: Сейфулла зауытқа 1987 жылы келген. Әкесі Смағұл Жаманбаев локомотив депосына 1940 жылы жұмысқа орналасып, зейнет жасында дейін тапжылмастан еңбек етті. Сейфулланың екі ағасы да осы зауытта слесарь болып жұмыс істеген.
СНХ: СЕЙФУЛЛА ЖАМАНБАЕВ, ЭЛЕКТРОВОЗ ЖӨНДЕУ ЗАУЫТЫНЫҢ СЛЕСАРІ: Депода істеп жатырмын, 1981 жылдан. Осыдан армияға кеттім. Армиядан кейін басқа жерде істедім. Кейін осында қайта келдім, 1987 жылы. Электровоз жөндеу измерительные приборы жасаймыз. Жұмыс ұнайды. Жақсы жұмыс. Басқа жұмысқа кетуге ойым болған жоқ.
РКС: Қазіргі уақытта ұлы Тимурдың да «Электровоз құрастыру зауыты» серіктестігінде шебер болып жұмыс істеп жатқанына 15 жылдың жүзі болды. Жиені Динара электровоз жөндеу зауытына 2017 жылы келіп, бүгінде жөндеу-дайындау цехында жұмыс істеп жүр.
СНХ: ҚАЖЫМҰҚАН ҚАЛМЕНБАЕВ, ЭЛЕКТРОВОЗ ЖӨНДЕУ ЗАУЫТЫ ЖӨНДЕУ ЦЕХЫНЫҢ БРИГАДИРІ: Атбасар зауытында 2017 жылдан істеймін. Сейфулла Смагуловичті сол уақыттан білемін. Ағаларын да білемін, мұнда істеген. Ең үлкен бізде осы кісі. Пенсияға екі жылдай қалды. Жұмысын біледі. Басшылықтың замечаниялары жоқ. Бірге істейміз.
РКС: Айта кетейік, биыл жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға ерекше басымдық беріліп отыр. Сонымен қатар жастарды осы салаға тарту, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлау да басты назарда.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.