ДИКТОР: Демалыс күндері Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрлігіне бағынысты мекемелер арасында спартакиаданың іріктеу кезеңі өтті. Жарысқа «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы Павлодар, Қостанай мен Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстық филиалдарының қызметкерлері қатысты. Айта кетейік, солтүстік өңір 6-шы дивизонға бөлінген.
РКС: Аймақтық спартакиадаға «Koksheден» бөлек «ERTIS», «QYZYLJAR», «QOSTANAI» телеарналарының, Солтүстік Қазақстан облысы «Ботай» музейінің, сондай-ақ «Қазтелерадио» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ақмола филиалының қызметкерлері келді.
STAND-UP: ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ТІЛШІ: Спартакиада бірнеше спорт түрінен өтті. Оның ішінде шахмат, тоғызқұмалақ, қолмен күрес және үстел теннисі. Айта кетейік, спартакиадаға әрбір қатысушысы бірнеше спорт түрінен жарыса алды.
СНХ: САБИНА ЖОЛДАСПАЕВА, «ERTIS» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ДИКТОРЫ: Бүгін екі спорт түрінен қатыстым. Бұл теннис және тоғызқұмалақ. Жаңа ғана тоғызқұмалақ ойнап шықтым. Қарсыласымды жеңдім және екінші ойынымыз спорт жарысынан өтті. Екі қарсыласпен ойнадым. Екеуін де 3:0 жеңіп шықтым. Менің ойымша осындай спартакиадалардың маңыздылығы өте жоғары. Өзіміздің әріптестерімізбен ойын өтті. Біріншіден таныстық, екіншіден бұл өзіміздің денсаулығымызға пайдалы деп ойлаймын.
РКС: Жарысқа қатысушылар мәдениет және ақпарат министрлігіне бағынысты мекемелер арасындағы мұндай спартакиадалар жиі өткізілсе деген тілектерін жеткізді. Өйткені, осындай спорттық жарыстар мекемелер арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етпек.
СНХ: РӘЗИЯ ЫДЫРЫСБАЕВА, «QYZYLJAR» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Біздің команда, бес адам келіп отырмыз. Үш спорт түрінен қатысып отыр – қол күресі, шахмат және үстел теннисі. Бұл шараның басты мақсаты – салауатты өмірді насихаттау, сондай-ақ осы мекемелердің қызметкерлерінің арасында корпоративтік рухты және дене шынықтыру, сондай мақсаттарды көздеп отыр. Жүлделі орынға ие боламыз деген ниетпен келіп отырмыз. Барлық командаларға сәттілік тілейміз. Бастысы 1-ші орынға ие болу емес, қатысу ғой. Осы мақсаттарды жүзеге асыру.
РКС: Спартакиада «Kokshe» телеарнасының және «Ботай» музейінің командалары арасындағы футбол ойынымен жалғасты. Матч барысында көкшетаулықтар қарсыластың қақпасына 11 гол соғып, жеңіске жетті. Спорттың бес түрінен өткізілген спартакиаданың қорытындысы бойынша үстел теннисінен «Ертіс» телеарнасының дикторы Сабина Жолдаспаева мен «Kokshe» телеарнасының директоры Берік Әбділманов 1-ші орынды иеленді. Қол күресінен павлодарлық әріптесіміз Сергей Бадыртенов жеңіске жетті. Шахматтан «Qyzyljar» телеарнасының бас инженері Дмитрий Патошкин мен редакторы Мадина Шунгульшина үздік атанды. Тоғызқұмалақтан да ертістік әріптесіміз Сабина Жолдаспаева мен «Kokshe» телеарнасы директорының орынбасары Ермек Елберген 1-ші орынға ие болды. Айта кетейік, спартакиадада бірінші орындарды еншілеген 6-шы дивизионның жеңімпаздары енді Астанада өтетін республикалық спартакиадаға қатысады.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ