ДИКТОР: Көкшетауда тәулігіне 30 мың текше метр суды сүзгіден өткізетін су тазарту құрылғыларын қайта жаңарту жобасы жүзеге асырылып жатыр.
РКС: Жаңа тазарту нысандары пайдалануға берілгеннен кейін облыс орталығы толық таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Енді ауыз су Чаглинское су қоймасынан келетін болады. Нысан құрылысына 55 маман мен 10 бірлік техника жұмылдырылды.
СНХ: БАҚТЫБЕК ЖАПАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бүгінгі таңда технологиялық құбырларды тарту жұмыстары жүргізіліп, процесс қарқынды жүруде. Диаметрі 630 ішкі және сыртқы коллекторды орнату жұмыстары жүргізілуде, 0,4 кВт кабель желілерін тарту жұмыстары жалғасып жатыр. Сондай-ақ тікелей мөлшерлеу станциясына, тазалау станциясына кабельдік желілер тартылуда.
РКС: Мамандардың айтуынша, жаңа тазарту құрылғысы іске қосылғаннан кейін судың сапасы жақсарады. Жоба айтарлықтай жетілдірілді. Заманауи техникалық стандарттарға сәйкес, ол енді тиімдірек бес қабатты сүзу жүйесімен ерекшеленеді.
СНХ: БАҚТЫБЕК ЖАПАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бұрын үш қабат кварц құмы және бір қабат антрацит төселген. Бүгінгі күні жобаға түзетулер енгізілді. Бұл ретте бірден төрт қабат кварц құмы мен бесінші антрацит қабаты төселді. Барлығы бүгінде 92 тоннаға жуық кварц құмы мен 61 тонна антрацит жұмсалды. Енді судың сапасы жақсарады.
РКС: Бүгінгі күні жұмыс 80 процентке аяқталды. Сүзгі материалының төрт қабаты да төселді. Әрі қарай антрациттің бесінші қабаты толтырылады. Сонымен қатар, құбыр диаметрі 400 мм-ден 630 мм-ге дейін ұлғайтылды. Бұл жүйенің өткізу қабілетін айтарлықтай арттырады, дейді сарапшылар.
МА0ПАЛ АЙБАБИНА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.