ДИКТОР: Көкшетаудағы Қопа көлінің жағалауы жыл соңына дейін адам танымастай өзгермек. Бұл ауқымды жұмыстар жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен іске асырылуда. Жағалау бойындағы бірқатар үйлер ысырылып, жол жөндеу жұмыстары басталып кеткен. Жолдың жалпы ұзындығы 1700 шақырым. Қопа көлінің бұрынғы жайы шаһар көркін қашырып тұрған еді. Қазіргі уақытта Кенесары көшесінен жол тартылып, асфальт төсеу жұмыстары басталып кетті. Алдағы уақытта жағалау қала тұрғындары мен қонақтары демалатын жерге айналмақ.

СНХ: ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Қазіргі уақытта жер қабатын өңдеу жұмыстары, қатты қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, бордюр тастарын орнату, су бұру жүйесін салу сияқты жұмыстар атқарылуда. Жалпы, келісім шартқа сәйкес бұл жұмыстардың барлығы осы жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс.