ДИКТОР: Жыл сайын 12 тамызда Халықаралық Жастар күні атап өтіледі. Осыған орай облыс орталығында open air форматында мерекелік іс-шара өтті. Қала тұрғындарының назарына қойылымдар, викториналар, байқаулар мен билер ұсынылды.

РКС: Қалалық саябақта ұйымдастырылған концерттік бағдарлама облыс орталығы тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады. Жиналған көрермен үшін ақмолалық әншілер мен бишілер өнер көрсетті.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Жастар ұлттық тақырыптағы викториналарға, интерактивті ойындарға және байқауларға белсене қатысты. Әсіресе балалар тоғызқұмалақ, асық ату мен арқан тартыста ерекше қызығушылықтарын көрсетті.

СНХ: МӨЛДІР МҰРАТБЕК, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Маған концерт өте ұнады. Мен барлық демеушілерге, ұйымдастырушыларға, әкімдікке осындай іс-шараны ұйымдастырғаны үшін өте ризамын. Күн өткен сайын біздің қала жақсарып келе жатқанына өте қуаныштымын.

СНХ: НҰРБОЛ ИСМАНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Мереке өте тамаша өтіп жатыр.Маған қатты ұнады. Қаламызда осындай мерекелік іс-шара жиі ұйымдастырылса екен деймін.

РКС: Іс-шара аясында жастар саясаты саласына үлес қосып жүрген қоғам қайраткерлеріне Алғыс хаттар табысталды. Су тасқынының алдын алу шараларына қатысқан волонтерлер де атап өтілді.

СНХ: СЫРЫМ БЕГЕН, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ: Міне бүгінгі күні Абай күнінде барлығымыз марапат алып жатырмыз. Мереке құтты болсын! Концерттік бағдарлама өте керемет. Өзіміздің облыстық жерлестер өзіміздің өнерпаздар көбінесе өнер көрсетіп жатыр. Осындай жастарымыз көп бола берсін. Осындай жастар бар кезде, біздің Көкшетау қаласы, Ақмола облысымыз дами беретін болады.

РКС: Шара соңында жастар үшін би кеші ұйымдастырылды. Жиналғандар мерекенің атмосферасын сезінді деп айтуға болады.

ИНТЕРШУМ:

МЕРУЕРТ ОСПАН, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ