ДИКТОР: Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Көкшетауда тағы бір шара ұйымдастырылды. "Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" облыстық мәнерлеп оқу байқауы өтті.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Байқауға өңірдің түкпір-түкпірінен 14 адам қатысты. Олар мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейді. Солардың қатарында Целиноград аудандық мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Гауһар Темірханқызы да бар.
СНХ: ГАУҺАР ӨМІРОВА, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ (ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ): Дайындық туралы айтатын болсам. Мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болғандықтан біз мұндай конкурсқа кез-келген уақытта дайын жүретін адамбыз. Сондықтан да, осыншама уақыт дайындалдым деп айта алмаймын. Менің ойымша, қазір бұрынғыдай емес Абай күні бар белгіленген және балалардың да қызуғышылығы кітапқа да
РКС: Бүлдіршіндерге бала кезінен ұлы ақынның өлеңдерін бойына сіңіру қажет,-дейді Асылтас Қошбай. Ол Сандықтау ауданына қарасты Балкашино ауылындағы "Ертөстік" бөбекжай балабақшасында тәрбиеші қызметін атқарады. Байқауға өз аймағынының намысын қорғап, Абай Құнанбайұлының өлеңдерін дәріптеу мақсатында келіп тұр.
СНХ: АСЫЛТАС ҚОШБАЙ, БАЙҚАУ ЖҮЛДЕГЕРІ (САНДЫҚТАУ АУДАНЫ): Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегені термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,-деп Абай атамыз жырлап кеткендей, бүгінгі байқауға мен Абай атамның өлеңдерін насихаттау мақсатында келіп отырмын. Бала күнімнен мен Абай атамның өлеңдерін жаттап, Абай оқуларына қатысқан болатынмын. Бала күннен Абайдың өнері мен шығармашылығына ғашықпын. Сондықтан, осы байқауға келіп отырмын.
РКС: Абай - ұран, Абай шығармашылығы - уақыт тынысы. Абай - халықтың дауысы. Абайдың жарқын бейнесі мен өлеңдері мәңгі жадынымызда сақталып қалу үшін, оның шығармашылығын барынша насихаттау керек,-дейді қазылар алқасы.
СНХ: ҚАРАТАЙ ТӨЛЕКЕЕВ, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ: Сайысқа келген сайыскерлеріміз өте мұқият дайындалып келген. Ережесі де кішкене қиындау, ауырлау болды. Алайда, мұқият дайындалып келгендері барлығы да көрініп тұр. Сондықтан, осындай сайыстар жиі болса екен дейміз. ОСындай сайыс арқылы біз Ұлыларымызды дәріптейміз, танимыз. Сонымен қатар, мемлекеттік тіл. Яғни, ана тілімізді дәріптеп оны дамытуға, оны жастардың қызығушылығын арттыруға өте үлкен үлес қосамыз. Сондықтан да, осындай сайыстар болар берсін!
РКС: Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Сандықтау ауданынан келген Асылтас Қошбай иеленсе, екінші орынды Степногорск қаласының тұрғыны Еламан Оспан еншіледі. Ал, Целиноград ауданынан келген Назгүл Қызыр үздік үштік қатарынан көрінді. Барлық қатысушыға арнайы мақтау қағаздары табыс етілді.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ