ДИКТОР: Мұрат Сағатұлы Балпан Ақмола облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. Ақмола облысы Ақкөл ауданының тумасы. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін және Омбы гуманитарлық-техникалық академиясын бітірген. Еңбек жолын 1989 жылы Ақкөл ауданы «Хлебороб» совхозының құрылыс учаскесінде жұмысшы болып бастаған. Әр жылдары Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары, Бәсекелестікті қорғау агенттігінің Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясының бастығы, Бұланды және Жарқайың аудандарының әкімі, Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы лауазымдарын атқарды.Осы тағайындауға дейін Аршалы ауданының әкімі болды.