ДИКТОР: Ақмола облысында 70-тен астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші форвардтық сатып алу арқылы қаржыландырылды. Мемлекеттік қолдау бағдарламалары арқылы облыс шаруалары 9 миллиард теңгеден астам қаражат алды. Көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарына да жеңілдетілген несиелер ұсынылған.

РКС: Қабыл Әбдірахманов Егіндікөл ауданындағы шаруа қожалығында 1996 жылдан бері еңбек етуде. Шаруалар қауымдастығының басшысы айналым қаражатын алу үшін несие алуды ұйғарды. Ол қаражат егін жинау науқанында арнайы техникалар мен жұмысшыларға жалақы төлеу үшін қажет.

СНХ: ҚАБЫЛ ӘБДІРАХМАНОВ, ШАРУАШЫЛЫҚ БАСШЫСЫ: Былтыр өздеріңіз білесіздер, қиын жағдай болды. Егін бидаймыз проросший болды. Содан қиындық болды. Енді бүгін уборкаға ақша керек. Естіп жаңа программа Кең дала-2. Ақшаны келіп алайын деп отырмын. Енді проценті төмен, 5%. Егінді алған уақытта ертең солярка, жанар-жағармай, запчасть, бәрін алуға. Ыңғайлы, уақытылы деп ойлаймын.

РКС: Жылдық 5 проценттік мөлшерлеме жобаның жалғыз артықшылығы емес. «Даму» қоры 85 процентке дейін кепілдік береді. Яғни, несиені сақтандыру үшін шаруалар 15 пайыз ғана кепілдік беруі қажет. Қосымша құжаттар сұралмайды. Биыл «Кең дала-2» бағдарламасы бойынша несие алуға болады. Шаруаларға несие беру құқығы «Көкше» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына берілді.

СНХ: ДИНА АХМЕТЖАНОВА, «КӨКШЕ» ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ КРЕДИТ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Биыл бізге 10 млрд теңге түсті. 1 қыркүйекке дейін игереміз. Қаражат көктемгі дала және егін жинау жұмыстарына беріледі. Бүгінгі таңда 8,6 млрд соммасына 21 өтініш қабылдап, қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, 3 шаруашылыққа 706 млн теңге несие бердік. Кеше несиелік комиссия болды, тағы 2 өтінішті мақұлдадық.

РКС: Қарыз алушылар несиені 3 ақпанға дейін қайтаруы керек. «Кең дала» және «Кең дала-2» бағдарламаларының мүмкіндігін өңірдегі 600-ге жуық шаруа қожалығына пайдаланды. Олар 50 миллиард теңге несие алған.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, БЕКЖАН ТӨЛЕУБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ