ДИКТОР: Көкшетау қаласының іргесіндегі Красный Яр ауылында жол жөндеу қарқынды жүріп жатыр. Жауапты мердігер күн, түн демей қызу жұмысқа кірісіп кетті. Біздің түсірілім топ орташа жөндеудің бүгінгі ахуалымен танысып қайтты.
РКС: Бұл - Красный ауылындағы Достық көшесі. Жолдың жағдайы - нашар. Көлік қатынасына біршама кедергі келтіруде. Ал жергілікті билік өкілдері жоба екі жылдық екенін алға тартады. Былтыр шұңқырлар жабылған. Алайда, бұл жөндеу емес, тек уақытша қабылданған шара. Сондықтан, биыл орташа жөндеу қолға алынған.
СНХ: АМАНБЕК БАЯЗИТОВ, КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 2020 жылы жылу құбырын өткізгенде бұл көше бойынша өте көп жерлер қазылып, құбырлар өткізілді. Сол себепті жолдар түсіп, түсіп кетті. Жерге кіріп кетті. Оның үстіне биылғы су тасқыны болғанда тағы да жол бойы жер астына кіріп кетіп, сол себепті бұл жолға орташа жөндеу жасаймыз деп шешімге келдік. Бүгінгі таңда бұл көше бойынша тастар салынды, басылды. Ескі асфальт жабыны алынады. Сосын үстіне жақын арада жаңадан асфальт жабыны төселінеді.
РКС: Ауа райының қолайсыздығына қарамастан жұмысшылар жөндеуді тоқтатпаған. Бүгінгі таңда асфальт төсеу 80 процентке аяқталды. Жүйелі жұмыстың нәтижесі көзге көрініп тұр, - дейді Красный Яр ауданының тұрғындары.
СНХ: ТІЛЕУКЕН АХМЕТБЕКОВ, КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Осы мөлтек ауданының тұрғыны боламын. Осы уақытқа дейін мына көшемізде асфальт болмаған болатын. Биылғы жылы жаңадан асфальт төселді. Осы мөлтек ауданыныңда тұратын тұрғындарға өте тиімді болды. Себебі, енді осы көшемен 13 маршрут автобусы адамдарды тасымалдайтын болады. Красный Яр 1-ші және 3-ші мектептеріне осы ауданда тұратын оқушылар тасымалданып оқытылады. Сол мектеп автобусына да қатынауға жақсы болды.
РКС: Жолдың жиегіне жаяу жүргін¬¬¬шілерге ар¬нал¬ған жолақ да салынады. Барлық жұмыстарды тамыздың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ