ДИКТОР: Нашақорлық - қоғам дерті. Жыл басынан бері Ақмола облысында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 200-ге жуық қылмыстық іс тіркелді. Ал есепте 400-ден астам адам тұр. Нашақорлыққа көбінесе жасөспірімдер шалдығады, алайда ересектер арасында да есірткінің тұзағына түсіп қалған адамдар да аз емес.
РКС: Жаңа синтетикалық препараттардың пайда болуы және нарықтағы рекордтық көлемі бүкіл әлемде есірткі мәселесін ушықтырды. Мамандар нашақорлықтың барлық түрлерінің ішінде бірінші орынға апиындық тәуелділікті қояды. Бүгінгі таңда облыстық психикалық денсаулық орталығында 200-ге жуық адам есепте тұр.
СНХ: АЛЕКСАНДР ВЫСОЦКИЙ, ОБЛЫСТЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ: Нашақорлардың орташа жасы 27-ден 47-ге дейін. Олар көбінесе жұмыссыздықтан осындай күйге түседі. Сондай-ақ, құмар ойындарға тәуелділік осындай жағдайларға әкеліп соғады. Соңғы жарты жылда наркологиялық стационар 279 адам түсіп, 259 адам шығарылды. Бұл ішімдік пен нашақорлықтың жалпы статистикасы.
РКС: Биыл есірткіге қатысты 152 қылмыстық іс тіркелді. Нашақорлықтың алдын-алу мақсатында рейдтер мен жедел іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп тұрады.
СНХ: ВИТАЛИЙ ГУДЫМЕНКО, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Оның ішінде есірткі заттарын сатудың 65 фактісі, атап айтқанда есірткі заттарын сақтаудың 12 фактісі, 2 трансұлттық қылмыстық топты құру және басқару фактісі, 2 есірткі өсімдіктерін өсіру және 1 есірткі заттарды насихаттау және жарнамалау фактілері анықталды. Бұған қоса, 70 қылмыстық есірткі қылмысы. Заңсыз айналымнан 78 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленді, оның ішінде 59 келі гашиш, 4 келіден астам марихуана, 5 келіге жуық синтетикалық заттар.
РКС: Нашақорлыққа қарсы 650-ден астам іс-шара, 30 акция, сонымен қатар семинар мен дөңгелек үстел жиі өтізіліп тұрады. Тіпті жоғары оқу орындарында студенттерге дәріс сабақтары ұйымдастырылады.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ