Жүргізуші: Аймақта спорттық инфрақұрылымды жақсартуға көп көңіл бөлініп келеді. Жаңа алаңдар, стадиондар салынуда. Биыл "Есіл" дене шынықтыру-сауықтыру кешені қолданысқа берілді. Бұл Есіл ауданындағы осындай алғашқы нысан. 80 орынға шақталған спорттық мекеменің жұмысымен облыс әкімі Марат Ахметжанов танысты.

КСМ: Аудан орталығы Есіл қаласында 9 мың адам тұрады. Спорт кешенінің құрылысына облыстық бюджеттен 700 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінді. Жалпы ауданы - 2 жарым мың шаршы метр. Дене шынықтыру кешенінде бассейн, волейбол және баскетбол алаңдары, жаттығу залы бар. Облыс әкімі еркін күрес секциясындағы жаттығуларды көрді. Жарыстар өткізу үшін залда 50 орынға арналған жанкүйерлер трибунасы қарастырылған. Жасөспірімдер спорттық барлық түрлерімен тегін шұғылдана алады. Дене шынықтыру-сауықтыру кешені Есілдің тұрғындары үшін салауатты өмір салтын дамытудың орталығына айналды, - дейді қызметкерлер.

СНХ: ВУСАЛЬ МАМЕДОВ БАПКЕР: Дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің, спортзалдардың құрылысына ерекше көңіл бөлініп жатқаны қуантады. Әсіресе, балалар үшін жақсы. Біздің Есілде де осындай нысан пайда болды. Бұл балаларға, үлкен, қолайлы алаңдарда жаттығуға мүмкіндік береді. Олар ерекше құлшыныспен, қызығушылықпен келеді. Біз үшін өте қажетті мекеме.