ДИКТОР: Қазіргі таңда қоғамның қозғаушы күші - жастар. Волонтерлер қоғамдағы мұқтаж жандарға және де әртүрлі әлеуметтік жағдайларда жұмылып, көмек қолдарын созады. Ақмола облысы бойынша 89 –ға жуық белсенді волонтерлік ұжым бар.
РКС: Еріктілер ұйымдарының саны артуда. Өскелең ұрпақтың жеке қабілеттері мен құндылықтарын дамытуға дәл осы ұйымдар көмектеседі. Биыл жастарды пайдалы жұмыстарға тарту жұмыстары белсенді түрде жүруде.
СНХ: АҚБОТА МҰХАМЕТБЕКОВА, ӨҢІРЛІК СТУДЕНТТЕР АЛЬЯНСЫ ҰЙЫМЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Қазақстан студенттері Альянсы Республикалық студенттер қозғалысы қаламыздағы жалпы Ақмола облысындағы жастармен тікелей тығыз жұмыс жасайтын ұйымдардың бірі болып табылады. Ол жастардың әлеуметтік және жеке қабілеттерін, жеке басындағы құндылықтарын дамытуға бағытталған. Ең алдымен, студенттердің жеке басындағы құқықтарын қорғайтын республикалық қозғалыс. Осы уақытқа дейін біз қаладағы көптеген іс шараларда бой көрсеткен болатынбыз.
РКС: Мемлекет тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды. Осы акцияға облыстағы еріктілер ұйымдары белсене қатысты.
СНХ: АҚБОТА МҰХАМЕТБЕКОВА, ӨҢІРЛІК СТУДЕНТТЕР АЛЬЯНСЫ ҰЙЫМЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Таза Қазақстан қазіргі уақытта экологиялық акциясы жүріп жатыр. Осы 3 тамыз күні Қылшақты өзенінің жағалауында тазалық жұмыстарын жүргізген болатынбыз. Қаладағы көгаландыру жұмыстары, ағаш отырғызу сияқты, әр жылы біз дәстүрге айналған іс шарамыз ретінде қалыптасқан.
РКС: Жас ұрпақтың өз құқықтарын біліп, қорғауы маңызды. Соңғы жылда Студенттік Омбудсмен атты институт құрылған. Бұл институт Қазақстан Студенттері Альянсы базасында жұмыс істейді. Оның мақсаты - студенттердің құқықтарын қорғау әрі облысқа шет жақтан оқуға келген жастардың жатақхана мәселелерін шешуге көмектесу.
СНХ: АҚБОТА МҰХАМЕТБЕКОВА, ӨҢІРЛІК СТУДЕНТТЕР АЛЬЯНСЫ ҰЙЫМЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Осы тұрғыда біз қазір Ш. Уәлиханов атындағы университетімен бірге жұмысты бастап кеттік. Ол шет жақтан, серпін бағдарламасымен келген студенттерге қалаға үйренуге, жатақханаға орналасу сияқты жалпы қаланың өміріне сіңіп кетуіне көптеген қызықты іс шаралар өткізу арқылы, психологиялық тренингтер өткізу арқылы көптеген жұмыстар жасап жатырмыз. Алдағы уақытта қазір қаламызға келіп жатқан жастардың саны артуда. Және жалпы қаладағы іс шараларда бой көрсетуге тырысамыз.
СНХ: ДИДАР ХАМЗИН, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЖАСТАР РЕСУРТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ВОЛОНТЕРЛІК ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ ФРОНТ КЕҢСЕСІНІҢ БАСШЫСЫ: Олардың ішінде яғни қазіргі уақыттағы түрлі пансионаттар бар, қарттар үйі, жалпы дәл қазіргі уақытта ұлы отан соғысы ардагерлері, тыл ардагері солардың барлығына үйлеріне барып көмектесу, қаламызды тазарту, экологиялық бағыт бойынша. Жалпы волонтерліктің біздің өмірімізде белсенді жұмыс жасап жатқанының 9 бағыты бар. Солардың ішінде бізде саулық және таза әлем осы бағыттар бойынша Ақмола облысы рейтинг бойынша 1 орынды иеленуде.
РКС: Ерікті болу - әр адамның өз құқығы. Жыл сайын волонтерлер саны көбейіп келеді.
САБИНА ЖАМШИТОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ