ДИКТОР: Көкшетауда 24 мың текше метр жол белгілері жаңартылды. Биыл арнайы жолақтарды суық пластиктен салып жатыр. Сондай-ақ, қаланы көркейту мақсатында қурап қалған ағаштарды жою жұмыстары да қолға алынған.
РКС: Облыс орталығында 50 мың текше метр жол белгілері жаңартылмақ. Бүгінгі таңда жұмыстар кестеге сай жүргізіліп жатыр. Көлік қозғалысына кедергі келтірмеу үшін жауапты мамандар жаңа жол белгілерін түнгі уақытта сырлауда.
СНХ: ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Жолдағы қауіпсіздікті сақтау мақсатында мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, "СпецстройКз" мердігерлік ұйыммен келісім шарт жасалған болатын. Қазіргі уақытта бұл келісім 2024-2026 жылдарға қарастырылған. Бюджеттен қаржы толық бөлінген. Жалпы қазіргі уақытта оқу жылының басталғанына дейін мектептердің, балабақшаның аумақтарында жұмыс жүргізіліп жатыр. толығымен 1-ші қыркүйекке дейін аяқталатын болады.
РКС: Қураған ағаштар адам денсаулығына үлкен қауіп төндіріп қана қоймай, жеке мүліктің бұзылуына әкелуі мүмкін. Қолайсыз ауа райы әсерінен бұтақтар құлап, автокөліктерге зақым келтіреді. Сол себепті, қаладағы қурап қалған ағаштарды жою жұмыстары басталды.
СНХ: ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Тұрғындардың өтініштеріне байланысты жұмыстар жүргізілуде. Яғни келіп түскен өтініштер қарастырылып, қажетті шараларды жүргізу аясында санитарлық кесу жүргізу, крондау жұмыстары. Сонымен қатар, қурап қалған ағаштарды түгелімен жою жұмыстары жүргізілуде.
РКС: Жалпы шаһарда 9 мыңға жуық ағашты ретке келтіру қажет. Биыл жасыл желектерді тазарту жұмыстары аясында мемлекеттік сатып алу өткізіліп, мердігермен келісім шарт жасалды.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ