ДИКТОР: Дән себу науқаны облысымызда толассыз жауған жаңбырдың салдарынан ұзаққа созылды. Алайда, диқан қауымы жарғақ құлағы жастыққа тимей еңбек етіп, маңызды науқанды сапалы аяқтап шықты. Солардың қатарында Егіндікөл ауданындағы «Ушаково-Агро» серіктестігі де бар.

СТЕНДАП: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Біз масағы толықсыған қалған егістік алқапта тұрмыз.

РКС: «Ушаково-Агро» серіктестігі биылғы көктемде 20 мың гектардан астам алқапқа дәнді-дақылдар септі. Оның басым бөлігі - солтүстік өңірге бейім ерте пісетін бидай сұрыптары.

СНХ: БАҚТИЯР ЫСҚАҚОВ, «УШАКОВО-АГРО» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Өздеріңізге мәлім биылғы дән себу науқаны тым ұзаққа созылды. Жермен жұмыс істеу нәтижесінде егіннің шығымы жаман емес. Тек қана орақ кезінде жаңбыр жаумаса жақсы болар еді. Техника жанар-жағар май, кадрлардан еш қиындық жоқ.

РКС: Биылғы ораққа қатысатын комбайндар және де басқа техникалар серіктестіктің дала қосын маңына жеткізілді. Осы жерде соңғы дайындық өтуде.

СНХ: ЕРҚАНАТ ТӨЛЕГЕНОВ, КОМБАЙНШЫ: Серіктестікте кілең жаңа комбайндар. Соның бірін мен тізгіндеп, егін жинауға шығамын. Техника тоқтаусыз жүреді. Оған сенемін. Ауа райы жақсы болса, орақты 15 күннің ішінде аяқтап шығамыз.

СНХ: АЛЕКСЕЙ КОСТЮКЕВИЧ, МЕХАНИК: Бізде 25 Есіл комбайндары бар. Олардың бәрі ораққа дайын. Ұсақ-түйек жұмыстарды бригада басында қалпына келтіреміз. Қосалқы бөлшек жеткілікті.

РКС: Енді санаулы апталардан кейін «Ушаково-Агро» серіктестігінің диқандары алқап басына шығады.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕУБЕК.