Жүргізуші: Облыс әкімі Есіл, Атбасар аудандарында да болды. Бұл өңірлерде де тасқыннан зардап шеккендерге арналған тұрғындарға баспаналар салынып жатыр. Атап айтқанда, Есіл қаласында мердігер-серіктестіктің өз есебінен 21 үйдің бой көтеруде. Жоба құны - жарты миллиард теңге. Ал облыстық бюджеттен инженерлік инфрақұрылым тартуға қаржы бөлінген.
КСМ: Салынып жатқан барлық үйлердің қабырғалары көтеріліп, төбесі жабылуда. Қабырғалар гипспен сыланған. Ішкі электр желілері тартылған. Есіктер де жеткізіліпті. 15-інде сыртына кірпіш қапталған. 10-ының төбесі толық жабылды. Жұмыстар жалғасуда. Құйма еден салынып жатыр. Құрылыс тұрғындардың бақылауында.
СНХ: ҚАЛИЛА ӨТБАЕВА ДВУРЕЧНОЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Осы жылы келген су тіпті үстен болды, қатты келді су келгенінде. Қуанышым қойнына сыймай. Жас жігіттерді, қызметте жүрген әкімдердің бырлығы осы қоғадай жапырлып, бырлық иіліп, бар көмектерің жасап отыр. Рахмет. Президентімізге да рахмет осындай жағдай жасап оытырған. Осындай қызылшан кезінде. Қазір осы қуанышым қойнына сыймай тұр.
КСМ: Тасқынның салдарын жою бойынша Есіл ауданында қажетті ақшалай көмекті және өтемақыны өтініш берген 200-ге жуық адам алды. Сондай-ақ, "Асар Ақмола" қорының қаржысына "екінші нарықтан" 16 пәтер сатып алынды.
КСМ: Биыл Жабай өзені арнасынан асып, салдарынан Атбасар қаласының 375 үйін су басып қалды. Олардың 200-і тұруға жарамсыз деп танылды. Қазіргі уақытта қалада 4 көпқабатты үй салынып жатыр. Құрылыс басына барған Марат Ахметжанов жұмысты уақытында аяқтау үшін мердігерлерде қажеттінің барлығы бар екенін атап өтті.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Жалпы үй дайын. Сол даладағы ауланы дайындау, сосын екінші үй дайындау. 200 пәтерлік үй. Бірінші кезенде су тасқынан жәбірленген азаматтарды кіргіземіз. Екінші құрылыс ол тағы да 100-пәтерлік үй салынып жатыр. Оны 2 ай бұрын бастап едік. Қарқыны жамаң емес жұмыстың.
Қаражат бәрі бөліңді. Адамдар істеп отыр.Оны 1-ші қазанға бітіреміз деп отырмыз.
КСМ: Тасқыннан зардап шеккендерден басқа, баспана кезегінде тұрғандар да пәтер алады. Жыл соңына дейін Атбасардың 345 отбасы қоныс тойын тойламақ.