ДИКТОР: Көкшетау қаласында жеті қазына интеллектуалды ойыны өткізілді. Бұл ойынға мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған аналар қатысты.
РКС: Іс-шара әлеуметтік кәсіпкерлік жобасы аясында ұйымдастырылып, өмірде әртүрлі қиындықтарға тап болған адамдарды қолдауға бағытталған. Анастасия Тукина қаладағы ерекше балалардың ата аналар одағы филиалының жетекшісі. Ол зияткерлік ойынға қуана қатысқанын жеткізді.
СНХ: АНАСТАСИЯ ТУКИНА- ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ АТА АНАЛАР ОДАҒЫ КӨКШЕТАУ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Біз үшін бұл үлкен және қуанышты жәйт, өйткені әр ана үшін бұл эмоционалды және психикалық күйзелісте психологқа бару сияқты, біз үшін мұндай ойындарға қатысу өте маңызды. Біздің қалада мүгедек балаларды тәрбиелейтін ата-аналар қауымдастығы бар. Ата-аналарға әртүрлі жағдайларда кеңес береді және құқықтық, ақпараттық, психологиялық көмек көрсетеді. Мысалы, бүгінгі Жетіқазынаға ұқсас түрлі іс-шаралар.
РКС: "Jeti Qazyna" ойыны-бұл зияткерлік сайыс қана емес, сонымен қатар маңызды әлеуметтік бастама. Қатысушылар білімдері мен дағдыларын көрсете алды, сонымен қатар жағымды эмоциялар мен өзіне деген сенімділікке ие болды.
СНХ: ЖАДЫРА ӘУБӘКІРОВА- ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ АТА АНАЛАР ОДАҒЫ КӨКШЕТАУ ФИЛИАЛЫНЫҢ МҮШЕСІ, ВОЛОНТЕР: Бұл ойын біздің логикалық, өзіміздің ой-өрісімізді дамытуға, және де бір бірімізбен қарым қатынас жасауға кездесуге сондай үлкен бір алаң болып табылады.Осы бүгін өз алаңын ұсынып отырған смарт ақмола ұжымына және де авторы осы ойынның Әсет Байжоловқа алғыс білдіреміз.
РКС: Осы ойынның авторы және ұйымдастырушысы Әсет Байжолов. Мақсаты-мүгедектерге, зейнеткерлерге және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға барынша жігер сыйлап, интеллектуалды қабілеттерін көрсету.
СНХ:ӘСЕТ БАЙЖОЛОВ, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ: Бұл ерекше балалардың ата-аналары үшін тамаша кеш, топта сәл өзгеше жағдайда өткенін қаладық, сондай ұқсас оқиғаларға кезіккен аналармен танысып және жалпы олардың ой-өрісін кеңейту. Бұл 8 ші ойын.Бұған дейін ойын өткізе алмадық. Себеі олардың жұмыс уақыттары кедергі болды. Қазіргі таңда біз ойынның жаңа деңгейлеріне көтеріле бастадық. Жыл соңына дейін үлкен лига жинаймыз деп үміттенеміз. Ойынға облыс пен қала тұрғындары қатыса алады.
РКС: Ойын барысында барлық қатысушылар үшін ерекше маңызды бірлік пен қолдаудың шынайы рухы құрылды. Маңыздысы, ойынның арқасында әр қатысушы ерекше күш-жігер жинап, қанаттана түсті.
САБИНА ЖАМШИТОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ