ДИКТОР: Мемлекет әскери қызметтегі сарбаздарға әлеуметтік қолдау көрсетеді. Заңға сәйкес әскери қызметшілерге ғана емес, олардың отбасыларына да көмек бар. Әскерде қызмет ете бастаған жастар қазірдің өзінде бірқатар жеңілдіктерге ие бола алады. Мысалы, әскерлердегі жас сарбаздардың несиелері тоқтатылады, тіпті келісімшарт бойынша қызметке тұра алады.
РКС: Арнаулы орта немесе жоғары білімі бар жас сарбаздар армияда 6 ай қызмет еткеннен кейін ерікті негізде келісімшарт бойынша одан әрі қызметке тұра алады. Тілек білдірген адамдар міндетті түрде елдің азаматы болуы керек. Олар сондай-ақ моральдық және кәсіби қасиеттерге ие болуы шарт. Сонымен қатар, басқа да жеңілдіктер мен мүмкіндіктер бар.
СНХ: СЕРГЕЙ АСТРАХАНЦЕВ - 5510 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҰМЫС БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ: Әскери қызметшілерге, әскери бөлімнің заңгерлеріне көмек көрсету мақсатында мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің несиелерін бойынша төлемдерді тоқтата тұру туралы 2-деңгейдегі банктерге хаттар дайындалып, жіберілді. Сондай-ақ, әскери қызметшілердің ата-аналарына банктерге ақпарат ұсыну үшін ұлдарының мерзімді қызмет өтеп жатқандығы туралы анықтама берілді. Қазіргі уақытта Қарулы Күштерде "Срочник 2.0" бағдарламасы жұмыс істейді, оған сәйкес әскери қызметшілер шақыру бойынша өту балын жинап, ҰБТ тапсырмай-ақ конкурстық негізде ҚР жоғары оқу орнына түсуге құқылы.
РКС: Биыл 47 сарбаз " Срочник 2.0" бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарына мемлекеттік гранттарды жеңіп алды. Әскери қызметшілер емтихандардан босатылады және жауынгерлік даярлық бойынша ең жақсы нәтижелер көрсетілген жағдайда ғана жоғары оқу орнына грант алады.
СНХ: МАРАТ НҰРҚАМБАЕВ-5510 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ САРБАЗЫ: Әскерге келгеннен кейін бізге мемлекет несие берешегін тоқтатуға көмектесті. Ата-аналар бізге келгенде оларға анықтама берілді. Содан кейін мен шынымен де мемлекеттік көмектің барын түсіндім.
РКС: "Елге қызмет - абыройлы міндет" деген тағы бір жоба бар. Қызмет еткеннен кейін әскери қызметшілерге жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі. Осылайша, қызмет еткен 345 сарбаз полиция Департаментіне, азаматтық қорғаныс қызметіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне және қызмет салаларының басқа да бағыттарына жұмысқа орналасты.
САБИНА ЖАМШИТОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, АЛИШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ