Жүргізуші: Бурабайда елордадан келген демалушылар құтқарылды. Адасып қалған үш адам Бурабай курортының ең биік тауынан өздігінен түсе алмаған. Оларға жедел-құтқару жасағының қызметкерлері көмекке келді. Құтқару операциясы шамамен үш сағатқа созылды. Туристерге медициналық көмек қажет болған жоқ. Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті таудағы қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.