ДИКТОР: Көкшетау қаласында «Отбасын қолдау орталықтарын» құру, сондай-ақ азаматтардың әлеуметтік осал топтарына тұрғын үйдің қолжетімділігі талқыланды. «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері» жөніндегі кеңес отырысы өтті.
РКС: Бүгінде облыста отбасын қолдау бойынша 6 орталық құрылды. Оларда қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсетіледі. Заңдық, психологиялық және әлеуметтік кеңестер беріледі. Кездесу барысында кеңес мүшелері Көкшетауда осындай орталық құру қажеттігін талқылады. Сондай-ақ, кеңес отырысының қатысушылары Аршалы ауданында да ашу туралы ұсыныс жасады.
СНХ: ЕРЛАН МҰХАМЕДИН, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қазіргі уақытта Көкшетау қаласында "Өмір" отбасылық тәрбие орталығы, мүмкіндігі шектеулі адамдарды көлікпен тасымалдау «Инватакси» қызметі, «ШАНС» мүгедектерді оңалту орталығы, сондай-ақ, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы, әлеуметтік оңалту орталығы, бұдан бөлек жеке сектор шеңберінде жартылай стационар жағдайында «Сыйымдылығы аз үй» әлеуметтік жоба іске асырылды. Сондықтан отбасын қолдау орталығын Аршалы ауданында ашуды ұсынамыз.
РКС: Қатысушылар жағдайға байланысты мониторинг ұйымдастыру және толық талдау жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылдады. Әлеуметтік осал топтар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігі проблемасына ерекше назар аударылды. Субсидиялар, жеңілдетілген несиелер және әлеуметтік тұрғын үй құрылысын қоса алғанда, түрлі ұсыныстар қаралды.
СНХ: БОЛАТ МЕЙРАМОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Бүгіңгі жүйеге қарасақ, бізде осы уақыт ішінде 2700 тұрғын баспанамен қамтамасыз етілген. Бұл соңғы 10 жылдың көрсеткіші. Оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары 2200-ден асады. 700-ге жуығы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Негізгі проблема - жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысы тоқтап қалды. Бірақ оған қарамастан үкімет пәтерлерді сатып алуға қаражат бөлуді шешті .
РКС: Отырыстың қорытындысы одан әрі пысықтау және нақты шаралар қабылдау үшін тиісті органдарға жіберілетін болады.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ