ДИКТОР: 2024 жылдың I тоқсанында Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 5%-ға жуық болды. Бұл - 20 мың адам. Мұндай проблема жастар арасында жиі кездеседі. Осы жағдайдан шығу және жұмыспен қамту үшін аймақ ұйымдары үнемі бос орындар жәрмеңкелерін өткізеді. Көкшетаудағы осындай іс-шараға біздің түсірілім тобы да қатысты.

РКС: Көкшетау қаласының орталық саябағында "Жастарға жұмыс" бос орындар жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға -студенттер мен жұмыссыз жастар, оның ішінде оқу орындарының түлектері қатысты.

СНХ: МАҚПАЛ ЖАНАРЫСОВА – ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ: Бос орындар жәрмеңкесі ашық аспан астында өтуде. Әрбір қатысушы Ақмола облысы бойынша қалада қандай бос жұмыс орындары бар екенін біле алады. Бізде осындай бос орындар жәрмеңкелері әр тоқсан сайын өтеді. Статистика бойынша 6 ай ішінде Ақмола облысының жастар ресурстық орталықтары 8 мыңнан астам адамды жұмысқа орналастырды.

РКС: Бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырушылардың қатарында "AMANAT" партиясы жанындағы "Жастар рухы" жастар қанаты, Ақмола облысының жастар ресурстық орталығы, еңбек ұтқырлығы және Көкшетау қаласының мансаптық орталықтары бар. Іс-шараға 20-дан астам жұмыс беруші ұйымдар шақырылды. Оның 5-еуі - мемлекеттік органдар.

СНХ: ЕРКІН ЖИЯН – ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ: Бүгін біз Жастар ресурс орталығымен бірлесіп, бос жұмыс орындар жәрменкесі қатысудамыз. Қазіргі таңда, бізде мемлекеттік қызметте өте көп бос жұмыс орындар бар. Біздің мақсатымыз қазіргі таңда осы мемлекеттік қызметке түсу бойынша шарттарды айтуға, бүкіл қаалй түсуге болады, қалай өтуге болады мемлекеттік қызметке. Сол бүкіл шарттарың айтудамыз бүгін.

РКС: "Жастарға жұмыс" бос орындар жәрмеңкесіне 500-ден астам адам қатысты. Бұл жобаның негізгі мақсаты - халықтың кәсіптік, еңбек және кәсіпкерлік әлеуметін іске асыру үшін жағдайлар жасау.

СНХ: МАРЖАН МУСКИНА - "ЖАСТАР РУХЫ" ЖАСТАР ҚАНАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл Бос орындар жәрмеңкесі бүгін республикамыздың барлық қалаларында өтуде. Еңбек министрлігінің, жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының және қолдауын ерекше атап өткім келеді. Сондай-ақ бос орындар жәрмеңкесіне қатысып жатқан жұмыс берушілерге ерекше алғыс білдіреміз. Жалпы, қазір ұйымдарда маман тапшылығы байқалады. Әсіресе жастар жетіспейді. Сондықтан бұл жоба жұмыс істеуге және дамуға дайын жастардың, жұмыс берушілердің белгілі бір қажеттілігін жабады.

РКС: 2023 жылдан бастап өңірде осындай іс-шаралармен 5000-ға жуық адам қамтылды. Олардың 3000-ы жәрмеңке нәтижелері бойынша әңгімелесуге жазылып, мансап орталығынан кеңес алды.

САБИНА ЖАМШИТОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ