ДИКТОР: Облыс орталығында көпқабатты үйлерде үй жануарларын көп ұстау мәселесі бойынша кеңес өтті. Сонымен қатар, кездесуде қаңғыбас иттер мәселесі қаралды. Талқылауға Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттері бастамашы болды.
РКС: Күн тәртібіне Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы Жастар парламентінің мүшелері проблемалық мәселелерді ұсынды. Екі-үш ай бойы олар қала тұрғындары арасында сауалнама жүргізді. Белгілі болғандай, бір пәтерде мысықтар мен иттерді көп ұстайтындар бар. Бұл үйдің қалған тұрғындары үшін ыңғайсыздықты тудырады.
СНХ: ЭЛЕОНОРА ДАЛАБАЕВА - Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Көптеген адамдардың үй жануарларын ұстауға тыйым салуды талап ету себебі адамдарда аллерияның болуы мүмкін. Кейбір адамдар бұл мәселеге әр азаматтың өзі таңдау құқығы бар деген пікір білдірді. Біздің ойымызша, егер адам үй жануарларын ұстаса, онда ол ұстау ережелерін сақтауы керек.
РКС: Биыл Көкшетау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөліміне 8-ден астам өтініш келіп түсті. Тұрғындардың көпшілігі үй жануарлары бар көрші пәтерден шыққан иіске шағымданды.
СНХ: РУСЛАН ЫСҚАҚОВ – ҚАЛАЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Осы фактілер бойынша өтініш берушілерге құқықтық қатынастар шеңберінде сотта мәселелерді шешу ұсынылады. Өйткені санитарлық-эпидемиологиялық нормалар үй жануарларын ұстауды реттемейді. Осыған байланысты осындай шағымдарды зерделеу мақсатында пәтерлердегі жануарлар саны бойынша нормаларды заңнамалық деңгейде белгілеу қажет. Жануарларды ұстау бойынша санаторлық-эпидемиологиялық нормалар болмағандықтан, басқарма осы негізде зиянды заттардың құрамына ауаны өлшейді, онда аммиактың асып кетуі белгіленеді, бұл өз кезегінде жануарлардың иесіне ғана емес, көршілеріне де денсаулыққа теріс әсер етеді.
РКС: Сонымен қатар, аймақта қаңғыбас иттердің адамдарға шабуыл жасау фактілері бар. Студенттер бұл мәселені де талқыға шығарды. Көкшетау қалалық мәслихатының депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері және бірқатар жауапты ведомстволар қозғалған мәселелерді қарады. Отырыс қорытындысы бойынша жиналғандар қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізу туралы ұсыныстар айтты.
САБИНА ЖАМШИТОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ