ДИКТОР: Зеренді ауданындағы мектептерінде жаңа оқу жылына әзірлік қарқынды жүріп жатыр. Ауданның бірнеше елдімекенінде мектептерді жөндеу қолға алынған. Оған облыстық бюджеттен 1 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді.
РКС: Зеренді ауданында 60 білім ошағы бар. Соның бірі Приречное ауылындағы жалпы орта білім беретін мектеп. Іргесі 1966 жылы қаланған білім ордасына содан бері күрделі жөндеу жасалмаған. Биыл «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы бойынша жөндеу жүргізілуде. Мердігер ұйым жұмысты тамыздың 20-сына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.
СНХ: БАУЫРЖАН НАУАНОВ, УЧАСКЕ БАСШЫСЫ: Күрделі жөндеу жұмыстары барысында терезелер толық ауыстырылды. Бүгін 72 терезенің 70-і орнатылды. 2 үлкен терезе қалды. Ертеңге дейін ол жұмыстар да аяқталады. Ал, мектептің сыртқы жағы жылытқыш материалдармен қапталып, сайдингпен тысталуда. Сондай-ақ, спорт зал бойынша да ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Ескірген қабырғалар қайта сылақталып, сырланып жатыр. Мектептің асханасы да жаңартылуда. Сондай-ақ балаларға арналған жууыну бөлмесі де қарастырылған. Даланың сыртқы жұмыстарына 9 адам, спорт залдағы жөндеу жұмыстарымен 6 адам және терезелерді ауыстыруға 3 жұмысшы жұмылдырылды.
РКС: Бағдарлама бойынша жөндеу жұмыстары 2 жылға жоспарланған. Келер жылы мектептің ішінде жылу желілері жаңартылып, 20-дан астам кабинеттің есіктері ауыстырылады. Сондай-ақ, ескі еденнің орнына кафель төселеді, қабырғалар сырылып қайта сырланады.
СНХ: МӘРИЯМ ЖЕТПІСОВА, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ: 2026 жылы мектептің 60 жылдық мерейтойы. Атаулы мереке қарсаңында мектебімізде жаңа өзгерістер болатыны бізді қуантады. Мемлекет басшысы жастардың сапалы білім алуына басты назар аударуда. Бүгінде мектеп оқушыларына барлық жағдай жасалған. Бізге тек білімнің сапасын арттырып, отансүйгіш ұрпақты тәрбиелеу қалды.
РКС: Атап өтерлігі, бұл мектепте 100-ге тарта оқушы білім алады. Жаңа оқу жылын ауыл балалары жаңартылған мектепте бастамақ.
СНХ: КАНАТ ЖҮСІПОВ, ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Биыл ауданда облыстық бюджеттің қолдауымен 10 әлеуметтік нысанда күрделі және ағымдағы жөндеу жобалары жүзеге асырылуда. Өркен, Приречное, Қонысбай ауылдарындағы мектеп күрделі жөндеуден өтуде. Сондай-ақ, 7 білім беру ошағында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ал, Ақан және Приречное ауылдарындағы мәдениет үйлеріне күрделі жөндеу жасалып жатыр. Мәлік Ғабдулин және Айдабол ауылдарында дәрігерлік амдулаторияның құрылысы басталып кетті.
РКС: Айта кетейік, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту мақсатында да бір талай жұмыстар іске асырылуда. Атап айтсақ, облыс тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 820 миллион теңгеден астам қаражатқа 2 жобаны іске асыру жоспарлануда. Сондай-ақ, келер жылы спорт мектебінің және тарихи-өлкетану мұражайының құрылысы жоспарланған.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ