ДИКТОР: Биыл мектепке дейінгі ұйымдарда бір мыңнан астам орын ашу көзделген. Жыл басынан бері жаңа 550-ге жуық орын пайда болды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Сондай-ақ, облыстағы білім беру саласын дамыту, "Мектепке жол" акциясы жайлы баяндалды.
РКС: Балаларды мектепке дейінгі мекемелермен толық қамту үшін биыл 6 балабақша құрылысы жалғасып жатыр. Олар Шортанды, Целиноград аудандарында және Көкшетау мен Қосшы қалаларында. Мектепке дейінгі білім беруге озық тәжірибені тарату және енгізу үшін облыста алты құзыреттілік орталық ашылды. Әлеуметтік осал топтар санатынан 9 мыңнан астам бала облыстың мектепке дейінгі ұйымдарында тегін тамақтанады. Сондай-ақ, мектептер де жаңа оқу жылына дайындық үстінде.
СНХ: АЙНАГҮЛ БАЛТАШЕВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Орта білім саласында биыл 537 мектепті 138 мыңнан астам оқушы аяқтады, оның ішінде 5 мыңға жуық мектеп түлектері. 242 оқушы Алтын белгі иегері атанды. Бүгінгі таңда 11 мыңнан астам баланың өтініші 1-ші сыныпқа қабылданды, бұл жалпы санның 90,1% құрайды. Бұл жұмысты 1-ші тамызға дейін аяқтау жоспарланды. Өңірдің ерекшелігі шағын жинақты мектептердің көп болуы. Каникул кезінде контингенттің болмауына байланысты 9 мектеп жабылды.
РКС: Оқушылардың білімін жетілдіру үшін 27 мамыр мен 31 мамыр аралығында облыста 1-4 сыныптардың 50 мыңға жуық оқушыларына «Жазғы мектеп» ұйымдастырылды. 26-30 тамыз аралығында 5-8, 10 сынып оқушылары үшін «Жазғы мектеп» жұмыс істемек. Мектепке әлеуметтік аз қамтылған отбасыларындағы оқушыларды дайындауға да ерекше көңіл бөлінеді.
СНХ: АЙНАГҮЛ БАЛТАШЕВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Ағымдағы жылы жалпыға бірдей оқыту қоры бойынша оқушылардың ыстық тамақтануын ұйымдастыруға және мектеп формасын, кеңсе тауарларын сатып алуға 2,4 млрд.теңге бөлінді (аз қамтылған отбасылардағы балаларға тегін тамақтандыруды ұйымдастыруға – 1497,7 млн. теңге, мектеп формасы мен кеңсе тауарларын сатып алуға – 798,5 млн. теңге).
РКС: 2024 жылдың 1 тамызында дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық акциясы басталады және 2024 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады. Акцияның мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету. Оны ұйымдастыру бойынша комитеттер құру, мұғалімдермен кеңестер, рейдтер, қайырымдылық акциялары мен мектеп жәрмеңкелерін өткізу жоспарланған.
САБИНА ЖАМШИТОВА, АЛИШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ