ДИКТОР: Көкшетауда классикалық шахматтан Ақмола облысы әкімінің кубогі үшін өткен ашық турнир аяқталды. Іс-шараға АҚШ, Ресей Федерациясы, Беларусь, Қырғызстаннан келген гроссмейстерлер, сондай-ақ Қазақстанның 10 өңірінен келген шахматшылар қатысты. Барлығы 112 қатысушы болды.

РКС: Халықаралық ойыншылар шеберлер турнирінде бақ сынасты. Қазақстан өңірлерінен келген спортшылар бұқаралық ойында өнер көрсетті. Мамандардың айтуынша, бүгінде Ақмола облысында әр түрлі жастағы 10 мыңнан астам адам шахмат ойнайды.

СНХ: СЕРІКБАЙ ТЕМІРБАЕВ- БАС ТӨРЕШІ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГРОССМЕЙСТЕР: Турнир, дәл спорттық тұрғыдан сәтті өтті. Сандық жағынан да, спорттық нәтижеде де. Төрешілер алқасында ешқандай ескертулер болған жоқ, турнир өте тәртіпті өтті. Турнир бәріне ұнады деп үміттенемін. Мүмкін болса, біз шахматты дамытатын боламыз. Қазір шахмат федерациясын дамыту туралы ҚР қаулысы бар. Қазақстанда шахматшылардың жаңа толқыны өсіп келеді. Көптеген балалар ойнайды.

РКС: Турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды АҚШ өкілі - Юстут Уильямс жеңіп алды. Екінші орында шымкенттік спортшы Әбілмансұр Әбділхайыр тұр. Беларусь шахматшысы Алексей Федоров қола жүлдегер атанды.

СНХ: ЮСТУТ УИЛЬЯМС- АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІНЕ КЛАССИКАЛЫҚ ШАХМАТТАН АШЫҚ ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ: Мен 8 жасымнан шахмат ойнай бастадым. Менің анам алғаш рет осы спорт секциясына алып келді. Оның қолдауының арқасында мен шынымен жақсы ойыншы бола алдым. Сондықтан мен 18 жыл ойнадым. Бұл менің Қазақстандағы 2-ші турнирім. Мен өткен барлық турнирлерден сабақ алдым және керемет нәтиже көрсете білдім.

РКС: Барлық жүлдегерлерге грамоталар мен ақшалай сертификаттар табыс етілді. Салтанатты рәсімнің соңында турнир қатысушылары естелік суретке түсті.

САБИНА ЖАМШИТОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ