ДИКТОР: Қазақстанда лудоманияға душар болып жатқан азаматтарымыздың саны 400 мыңнан асады. Өзекті мәселені шешу жолдары түрлі деңгейлерде талқыланды. Нәтижесінде арнайы заң қабылданды.

РКС: Биыл мемлекет басшысы лудоманияға қатысты заңға қол қойды. Енді мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнайы және құқық қорғау органдардың қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың басшылары құмар ойындарға бас тігуге қатыса алмайды делінген. Сонымен қатар, шектеуді сақтамағандары үшін жұмыстан шығару шарасы қарастырылған. Бұған қоса, букмекерлік кеңселер мен бәс тігуге қызықтыратын жарнамаларға да шектеу қойылды. Психолог маманның айтуынша лудомания адам өмірінде басым роль ойнайтын және құндылықтардың төмендеуіне әкелетін ойын құмарлығы.

СНХ: АЙГҮЛ ЖҰМАБЕКОВА, ПСИХОЛОГ: Қазіргі таңда лудомания өзекті мәселе болып тұр. Оның ішінде лудоманияның 2 түрі бар- құмар ойынға берілудің ішінде ойын, ақшамен ойнайтын ойындар болып табылады. Лудомания дегеніміз өзі тереңдетіп қарасақ, адамның жан дүниесін астаң кестең етеді. Оның денсаулығына әсер етеді, отбасына әсеретеді, тіптен жан дүниесіне әсер етеді. Адам өзі неліктен барады лудоманияға? Оны терең ойлану керек. Бұл жерде тек жалғыздықпен немесе басқа бір әсермен деп ойлауға болмайды. Тереңдеп ойлаған кезде өзінің эгосымен күресе алмайтын өзімшілдік, біліп тұрып бара алатын адамдар.

РКС: Құмар ойын ойнайтын адамдардың көбеюі есебінен, елімізде осыған сәйкес емдеу орталықтары да ашылуда. Психолог мамандар ойынқұмарлықтан емделу мерзімі шамамен 6 айды алады дейді. Себебі бұл аса қиын процесс. Емделу мерзімі аяқталған соң, ойынқұмарлықтың қайта пайда болуы әбден мүмкін.

БЛИЦ: Лудоманияға қарсы букмекерлік кеңселерді жабу керек. Бұл аурудан емделу үшін көп уақыт керек және емделу мүмкін емес.

-Қазіргі таңда балалар олар ойланып өз болашағын құртады. Себебі олар өз ата-аналары берген ақшаны казиноларға лақтырады.

-Менің ойымша иә, өйткені адамдар олар басқа кұндылықтарға көңіл аударады. Жастар қазіргі таңда басқа жақсы жаққа өзгереді.

РКС: Лудомания тек жалғыз адамның дерті емес, барша қоғамның дертіне айналды. Күш-бірлікте демекші, ойынқұмарлықтан арылу үшін, қоғамның ат салысуы маңызды.

САБИНА ЖАМШИТОВА, АЛИШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ