ДИКТОР: Биыл Ақкөл қаласындағы № 2-інші мектепте күрделі жөндеу жүргізілуде. Мердігер ұйым жұмысқа мамырдың 28-і, оқу жылы аяқталғаннан кейін бірден кіріскен. Жұмыстарды тамыздың 20-на дейін аяқтау жоспарланған.
РКС: Ақкөл қаласының №2 мектебінде 2 ауысымда 500-ден астам оқушы білім алады. 70-тен аса қызметкер еңбек етуде. Білім беру мекемесін күрделі жөндеу жобасы 2 жылға есептелген. Қазіргі таңда санитарлық тораптар жаңартылып, ішкі жөндеу жүргізілуде.
СНХ: ИННА ГАНЬКЕВИЧ, АҚКӨЛ ҚАЛАСЫНЫҢ №2 ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: 1971 жылы іргесі қаланған ғимаратта алғаш рет күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Бұған дейін тек терезелер мен шатыр ауыстырылды. Қазір электрмен жабдықтау желілері ауыстырып, өрт сөндіру дабылы жаңартылуда. Сондай-ақ, , қабырғалар сырылып, еден жаңартылды. Дәліздерге кафель төселді. Бұған дейін линолеум болған.
РКС: Бұдан басқа, мектептің сырты жылытқыш материалдармен қапталып, қасбеті ауыстырылады. Жөндеуге 30-ға жуық жұмысшы жұмылдырылған. Оған қоса, ескі материалдарды алып тастауға жергілікті тұрғындардан 10 адам тартылды.
СНХ: МЕНДІХАН ТӘУЕКЕЛОВ, МЕРДІГЕР ҰЙЫМНЫҢ ӨКІЛІ: Бүгінде 6 мың шаршы метр левкас дайындалды. 1500 шаршы метрден 600 шаршы метрге керамогранит салынған. Құрылыс материалдары жеткілікті. Көкшетаудан уақытылы жеткізіледі. Биыл негізінен қасбет және ішкі жөндеу іске асады. Қалған абаттандыру жұмыстары келесі жылы атқарылады.
РКС: Жаңа оқу жылында мектепте инклюзивті кабинет ашу жоспарлануда. Кабинеттердің 80%-ы интерактивті панельдермен жабдықталған, сондай-ақ жаңа түрлендірілген сыныптар да бар. Жоспар бойынша, мердігер ұйым келер жылы аумақты абаттандыру жұмыстарымен айналысады.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.