ДИКТОР: Ойын - сауық орталықтарында, сауда үйлерінде және базарларда өрттің алдын алу мақсатында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі "Қауіпсіз сауда" республикалық акциясын өткізді. Ақмола облысында да профилактикалық іс-шара өтті. Өңірде 51 жаппай сауда нысаны жұмыс істейді.
РКС: Акция аясында жаппай сауда нүктелерінің қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі техникасы мен өрт кезіндегі іс-қимыл тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар, маңызды ережелердің сақталуын, оның ішінде өрт сөндіру құралдарының және ашық авариялық шығу жолдарының болуын тексерді. Соңғы бірнеше жылда облыс аумағында мұндай өрттер болған жоқ. Алайда республика көлемінде кездеседі.
СНХ: МАНАТ БЕГАЛИН – ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Мәселен, 16 шілдеде Алматы қаласында "Мизам" базарында өрт болды, 17 шілдеде Астана қаласында "Ажар" сауда үйі өртенді. Мұндай мысалдарға жол бермеу мақсатында жергілікті атқарушы органдармен, "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен, еріктілер ұйымдарымен, блогерлермен және бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесіп профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
РКС:Акция аясында облыс аумағында мамандар бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және радиода 200-ден астам сұхбат берді. Сонымен қатар, 230 нұсқаулық, 30-ға жуық жиын өткізілді. 2 мыңнан астам адам қамтылды, 1 мыңнан астам үгіт материалы таратылды.
СНХ: МАНАТ БЕГАЛИН – ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Осы санаттағы жедел жоспарлар мен өрт сөндіру карточкаларын түзетудің барлық нысандарында өткізілді, сондай-ақ ірі нысандарда да өрт-тактикалық оқу-жаттығулар болды. Облыс азаматтарына сақтық шаралары мен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды тағы да еске салғым келеді. Азаматтардың өрт қауіпсіздігіне немқұрайлылығы үлкен зардаптарға, кейбір жағдайларда үлкен материалдық шығындарға және адам өліміне әкеледі. Сондай-ақ, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
РКС: Маманның айтуынша, жаппай сауда орындарындағы өрттердің негізгі себебі-электр сымдарының шамадан тыс жүктелуіне байланысты қысқа тұйықталуы. Сым желілерінің тозуы мен бірнеше құрылғыларды бір розеткаға қосу жағдайды ушықтыра түседі
САБИНА ЖАМШИТОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ,АЛИШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ