ДИКТОР: Красный Яр елдімекенінде металл және қайта өңделетін заттарды қабылдау пунктінің ашық аумағында өрт шықты. Құтқарушылар оттан 5 газ және 4 оттегі баллонын алып шықты. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт толығымен жойылды.
РКС: Шарпыған от сағат таңғы төрттерде болған. Жалын қабылдау пунктінің 400 шаршы метр аумағына дейін жайылған. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
СНХ: РУСЛАН БАЗАРБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗМЕТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Өрт орнына 8 бірлік техникасы мен жеке құрамның 35 маманы жұмылдырылды. Жедел түрде 5 өрт оқпаны іске қосылды. Сондай-ақ, газ-түтіннен қорғау қызметтерінің 4 буыны жұмыс істеді.