ДИКТОР: «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы жол картасын іске-асыру және қауіп-қатерлерді жою мақсатында, қабылданып жатқан шаралар талқыланды. Жол құрылысы, тұрғын үй, сумен жабдықтау салаларында олқылықтар анықталды.

РКС: Сумен жабдықтау жұмыстары 6 тармақ бойынша уақытылы аяқталмауы мүмкін. Биыл жоспарланған 26 нысанның төртеуі ғана қолданысқа берілді. Қалғандарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.

СНХ: ӘСЕТ КҰРМАНҒОЖИН, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ : Бұланды ауданына қарасты Вознесенка ауылында су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Былтыр жобаның қымбаттауына байланысты түзетулер енгізілді. Мердігер ұйым - «СпецСтрой Групп ЛТД» серіктестігі. Бастапқы шарттық құны 600 миллион теңгеге жуық . Жаңа келісім құны - 1 млрд-тан астам. Осы уақытқа дейiн игерiлген барлық қаражатты ескере отыра, 600 млн. теңге қажет.

РКС: Жұмыстың уақытылы кестеге сай жүргізілмеуіне келісім шарттардың орындалмауы, сот талқылаулары, сондай-ақ, қаржыландыру мәселесі, жобалардың қымбаттауы себеп. Тұрғын үй құрылысы саласындағы жағдайды осындай.

СНХ: АЗАМАТ БАЙҚУАНЫШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Биыл облыс бойынша аумағы 600 мың шаршы метрге жуық жобаның жоспары жасалды. Бірінші жартыжылдықта 240-қа жуық шаршы метр немесе жылдық жоспардың 41% пайдалануға берілді. Ал, Есіл ауданында 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жоспарға сай аяқталмауы мүмкін.

РКС: Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында, яғни «Атбасар-Сочинское» тасжолының 19-ыншы шақырымындағы көпір құрылысы және «Есіл-Свободное-Раздольное» автомобиль жолының 13 километріндегі көпір құрылысы жобалары іске асырылуда. Бүгінгі таңда жобалық-сметалық құжаттамаға түзету енгізіліп жатыр. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.