ДИКТОР: Таиландтың Си Рача қаласында еркін күрестен Азия чемпионаты өтті. Додағы 20 жасқа дейінгі спортшылар қатысты. Олардың ішінде Ақмола облысының палуаны Ерхан Бексұлтанов та болды. Өңір намысын қорғаған Ерхан Бексұлтанов чемпионаттың қола жүлдегері атанды.

РКС: Алғашқы белдесуінде Ерхан Қытайдан келген балуанды 10:0 есебімен жеңді. Екінші кездесуінде де Шри-Ланка өкілін 10:0 есебімен ұтты. Жартылай финалдық белдесуде Ерханның қарсыласы Түркіменстан балуаны болды. Ерхан Бексұлтанов 0:6 есебімен есе жіберді.

СНХ: ОЛЖАС ӘШІМОВ, БАПКЕР: Осы Азия чемпионатында біз оқу-жаттығу жиынының үш кезеңінен өттік. Біреуі шетелде, екеуі Қазақстанда болды. Шымкент пен Алматыда өтті. Дайындық жоғары деңгейде болды. Біз шыңға жеттіп едік. Бірақ, өкінішке қарай, жартылай финалда Ерхан жеңілді.

РКС: Қола жүлдені ұтып алу үшін ақмолалық палуан боз кілемде бар күш-жігерін салды. Жапондық Шунсуке Мидзусакимен өткен белдесуде есеп 7:1 болып, Ерхан Бексұлтанов жеңіске жетті.

СНХ: ЕРХАН БЕКСҰЛТАНОВ, ЕРКІН КҮРЕСТЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ: Біз өзіміз осы жарысқа жаздың басынан бері дайындалдық бірінші этап, ол Шымкентте, ол екінші этап Алматыда, үшінші тоже Алматыда өтті, біз дайындық өте жақсы болды. Азияда алдыңғы жылы көрсеткен нәтижемді көрсетуге тырыстым, бірақ осы жолы салмақ ауыстырған себепті кішкене күш де жетпеді кішкене, бірақ өзім жақсы нәтиже көрсеткеніме қуаныштымын.

РКС: Қола жүлдегерді қарсы алуға отбасы мүшелері мен жақындары келді. Спортшыны қазақтың дәстүрлі әдет-ғұрыптарымен қарсы алды.

ИНТЕРШУМ:

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ