ДИКТОР: Қорғалжында аудандық ауруханаға күрделі жөндеу жүргізілуде. Жобада қасбетке, су, кәріз және электрмен жабдықтау жүйелерін жөндеу және басқа да ішкі жөндеу қарастырылған. Аудандық аурухана ғимаратының жөндеуге облыстық бюджеттен 378 млн теңге қаражат қарастырылған. Жұмыстарды 2025 жылдың тамыз айына дейін аяқтау жоспарлануда. Бүгінгі таңда аудандық аурухана ғимаратын күрделі жөндеу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр.

СНХ: БАҚЫТЖАН АХМЕТОВ - УЧАСКЕ БАСТЫҒЫ: Енді біз ғимаратқа кіреберістің іргетасын жасаймыз, 3-4 күннен кейін бетон құйылып, бетін жабылатын болады. Қасбетін жаңалау жұмыстары жүріп жатыр, үстіңгі этажда полностью әрлеу жұмыстары жүріп жатыр, онда электро-монтаждық жұмыстар, сантехникалық жұмысиар, молярлық жұмыстар жүріп жатыр. Кесте бойынша бізге 6 ай қалды, біз постараемся ертерек бітіруге.