ДИКТОР: Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Вознесенка ауылындағы 1969 жылы салынған оқу орнындағы күрделі жөндеу барысымен танысты. Екі жылдық жобаны іске асыруға 330 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді. Оның ішінде 2022-2023 жылдар аралығында 257 млн. теңге игерілді.

РКС: Бұл жылдары аралығында мектептің сыртында жөндеу жүргізіліп, спорт, акт залы мен асхананың шатыры жартылай ауыстырылды. Сондай-ақ, терезелер жаңартылып, оқу кабинеттері жөнделді.

СНХ: ТАТЬЯНА СТИХИЛЯС, ВОЗНЕСЕНОВКА ОРТА МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жартылай жөндеу жұмыстары жүргізілгендіктен оқу жылында ешқандай мәселелер туындаған жоқ. Жөндеу жұмыстарына дейін біздің мектептегі спортзалдың, акт залы мен асхананың төбесінен су ағатын.

РКС: Бүгінде білім ордасында 160-тан астам оқушы білім алады. Мектеп 500 орынға шақталған. Аймақ басшысы ауылды дамытуға ерекше назар аудару керектігін айтты. Бұның басты себебі - ауылдық жерден халықтың қоныс аударуы.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Ауылда жұмыс істейтіндердің, әсіресе егін шаруашылығымен айналысатын азаматтардың басын қосып жиналыс өткізу керек. Бұлай болмайды. Ауыл болса үлкен. Ал халық ауылдан көшіп, кетіп жатыр.

РКС: Биыл мектепті жаңғырту жұмыстарына 76 млн. теңге қарастырылған. Бүгінгі таңда спортзалын, акт залын, санитарлық тораптарды жөндеу жүріп жатыр. Сондай-ақ, жуыну кабиналарын орнату, еденді ауыстыру, шағын орталықты жөндеу де басталды. 55 жыл ішінде алғаш рет жүргізіліп жатқан күрделі жөндеуді тамыздың 5-не дейін аяқтау жоспарланған.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ