ДИКТОР: Елімізде 8-ші және 13-ші қыркүйекте бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Осынау маңызды шараға дайындық қызу жүріп жатыр.

РКС: «Сабақты ине сәтімен» демекші Ақкөл ауданында өткен халықаралық «Жаңа дала» көрмесі кезінде Көшпенділер ойындарының ұйымдастырушылары да өз көрмелерін ашып, қазақтың ұлттық ойындарын насихаттады.

СНХ: РИНАТ АЛМАНОВ, V ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫ ДИРЕКЦИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ: Ақкөл ауданындағы «Жаңа дала» халықаралық көрмесін біз де тиімді пайдаландық.

Естественный шум...

РКС: Ақмола облысынан 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында бірнеше спортшы сынға түседі. Олардың дайындығы күн санап ширай түсуде.

СНХ: ЕРЛАН КЕНЖЕТАЕВ, ҚҰСБЕГІ: Мен бірнеше жылдан бері құс баптап әртүрлі жарыстарға қатысып жүрмін. Көшпенділер ойындарының мәртебесі биік. Сондықтан бүркітімді бабында ұстаймын. Көрмеге келушілерге саятшылық жайлы әңгіме айттым. Астанаға барып, біздің өнерімізді тамашалаушылар саны көп.

РКС: Қыр астындағы 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары қазақтың қонақжайлылығымен қатар ұлттық спорт түрлерінде ұлықтайды.

Қалымбек Мұхамеджанов, Жүрсін Өміржақов. Бекжан Төлеубеков.