ДИКТОР: Облыста банкроттыққа 3 мыңнан астам азаматтан өтініш түсті. Олардың шамамен 75 процентіне талаптарға сай келуіне байланысты бас тартылды. Негізгі себептер: мүліктің болуы, қарызды несиемен реттеудің болмауы. Бүгінгі таңда 580 млн.теңгеден астам сомаға 400-ге жуық жеке тұлға банкрот деп танылды.

РКС: Жеке тұлғалардың банкрот атануының өзіндік салдары да бар. Олар 5 жыл ішінде несие ала алмайды. Төлемге қабілетсіз жеке тұлғаға қатысты 3 жыл бойы қаржылық жағдайына мониторинг жүргізіледі. Қайта банкроттықты 7 жылдан кейін ғана өтініш беруге болады. Айта кету керек, заңда үш рәсім қарастырылған: соттан тыс, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Тәжірибе көрсеткендей, ең көп сұранысқа ие-соттан тыс банкроттық рәсімі.

СНХ: МАРЛЕН САҒАНДЫҚОВ - ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ: 2023 жылғы 3 наурызда "азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы" ҚР Заңы күшіне енді. Осы заңнаманың мақсаты - халықтың борыштық жүктемесін азайту. Азаматтардың халыққа қызмет көрсету орталықтарында, электрондық үкімет порталы арқылы, сондай-ақ "E-Salyq Azamat", eGov mobile мобильдік қосымшалары арқылы өтініш беру мүмкіндігі бар.