ДИКТОР: Ұлттық бірыңғай тестілеу аяқталды. Су тасқынынан зардап шеккен 6 өңірде, ішінде Ақмола облысында тест мерзімі 12 шілдеге дейін ұзартылды. Көкшетаудағы тестілеу пунктіне 6 мыңға жуық өтініш келіп түскен. Үміткерлер арасында тек ақмолалықтар ғана емес, Солтүстік Қазақстан облысының жақын аудандары мен Астана қаласының түлектері де болды.

РКС: Жансая Доғдырбай – Әл-Фараби атындағы ақпараттық технологиялар лицейінің түлегі. Бойжеткен дүниежүзі тарихы мен ағылшын тілі пәндерін таңдаған. Тест тапсырып, 134 балл алды. Бұл өңірдегі жоғары көрсеткіш.

СНХ: ЖАНСАЯ ДОҒДЫРБАЙ, ТҮЛЕК: Оған дейін мен екі жарым ай IELTS-қа желі түрде дайындығымда өткізгенмін. IELTS-таң 7,0 балл алып, ЕНТ-да ол мағаг үлкен көмек берді. Яғни, мен ЕНТ-да ағылшын тілін тапсырмай, IELTS-тің сертификаты арқылы 50 баллды толығымен алып тұрмын. Сонымен қатар, менің шет тілдерге деген өте қатты қызығушылығым бар. Әсіресе, француз тілінен. Кейін Астанадағы бір жоғару оқу орнынна түсіп, Қытай тілін меңгеруді кезеп отырмын. Ал мамандық ретінде, мен аударма ісің таңдап отырмын.

РКС: ҰБТ-ның жақсы нәтижесі талапкердің жалғыз жетістігі емес. Бұған дейін ол француз тілінен республикалық олимпиадада облыс намысын қорғаған. Айта кетейік, биыл ІТ лицейді 49 түлек бітірді. Олардың 14-і ұлттық тестілеуден 130-дан жоғары балл жинады. Еліміз бойынша жоғары баллды 700-ден астам түлек алды.

СНХ: ҚУАНЫШ МҰХАМЕДЖАНОВ, ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ КӨКШЕТАУ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Биыл қатысты ерекшеліктер бірі – мемлекет тарапынан жасалған, су басқан өңірлердің түлектеріне бір жеңілдік жасалды. Айта кететін болса, Жалпы гранттардың 20 пайызың осы өңірлердің түлектер арасында үлестірлетін болады. Және тағы бір ерекшеліктердің бірі – егер де жазғы ҰБТ-дан аз балл алып қойған жағдайда, оған дейін тапсырып кеткен ҰБТ-ның нәтижесімен грантар конкурсына қатысу мүмкіндік бар.

 РКС: Биыл бакалавриат бойынша 80 мыңға жуық грант бөлінді. Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардан келген түлектер құжаттарды 24 шілдеге дейін тапсыра алады. Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызда жарияланады.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҚАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ