ДИКТОР: Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысында бірнеше өзекті тақырыптар қозғалды. Соның бірі облыстық медицина ұйымдарының несиелік қарыздары. Жарты жылдың ішінде несиелік пайыз 7 процентке өскен. Ол шамамен 5 миллиард теңге. Тұрақты комиссия мүшелерінің айтуынша, Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өз жұмысын тиісті дәрежеде атқармаған.

РКС: Мерзімі өткен берешектің ең көп өсімі 9 ұйым бойынша байқалады. Степногорск көпсалалы ауданаралық ауруханасы көш бастап тұр. Берешегі 370 миллион теңгеге жуық. Әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы өз жауапкершілігін ауруханаларға жүктеп қойған, аурухананың даму динамикасы жоқ деп сынға алды.

СНХ: АЙДЫН ТӨРЕБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ, ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯНЫҢ МҮШЕСІ: Денсаулық сақтау басқармасы ретінде сіз нақты іс-қимыл жоспарын ұсынуыңыз керек еді. Сіздердің берілген тапсырманы орындау барысында жүргізген жұмыстар мен талдау нәтижелері кесте ретінде көрсетілген емес, қағаз жүзінде жоқ. Сондықтан сіздердің жұмыстарыңыз көзге көрінбейді. Қазір жауапкершілікті қарызы бар ауруханаларға жүктеп, кепілдік хат туралы айтып отырсыз. Кепілдік хаттың не үшін керек екенін айтып өтсеңізде, негізінде жауапкершіліктен бас тартып отырсыз.

СНХ: МАРАТ ҚОЙШЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МАСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ, ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Өкінішке қарай берешек соммасы өткен жылға қарағанда 2 есе көп. Жауапты 6 маман бойынша қажетті шаралар қолданды. Осындай жауапсыздыққа жол берген мамандар несиені өтеудің жазбаша кепілдік міндеттемелерін орындайды. Ерекше айтып өтетін жайт Қорғалжын ауданы. Ондағы тұрғындардың санын ескере отыра берешек соммасы 53 миллион теңгені құрады. Бұл ойға қонымсыз.

РКС: Денсаулық сақтау басқармасы мәселені шешу мақсатында, бірқатар шаралар қабылдап жатқанын атап өтті. Шаралардың бірі жыл соңына дейін кредиторлық берешекті жою туралы жазбаша кепілдіктер.

СНХ: ДИАНА ДҮЙСЕМБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Біздің басшыларымыз кепілдік хатын бізге тек кредиторлық хатты жабамыз деген кепілдік ғана емес, сондай-ақ өтеу шараларын, яғни қандай шаралар қабылданатынын да ұсынды. Бұл штаттық есептен шығаруды авторизациялау. Өз күшінің есебінен қоса атқаруды қысқарту, дәрілік заттарды қайта қарау және кейбір ұйымдарда қабылданған клиникалық фармакологтар, тауарлар мен жұмыстар, қызметтер, қайта қаралуда. Бұл кешенді жоспар.

РКС: Медициналық ұйымдардың 9 басшысы тәртіптік жазаға тартылды. Айта кету керек, ұйымдарда жалақы, салық және аударымдар бойынша қарыздар жоқ.

РИЗАГҮЛ ШАМЕНОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ