ДИКТОР: Зеренді ауданына қарасты Мәлік Ғабдуллин ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы басталды. Жоба республикалық бюджеттен қаржыландырылған. Бүгінгі таңда 181 млн. теңгеге инженерлік желілерді тарту бойынша тендер өткізілуде.
РКС: Жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы басталып кетті. Ғимараттың көлемі 23-те 13 метрді құрайды. Жауапты мердігердің айтуынша, техника мен адам жеткілікті. Құрылысты уақытылы аяқталады деп жоспарлануда. Айта кетейік, ескі ғимарат 1998 жылы салынған.
СНХ: ОЛЖАС ЖҮСІПОВ, МЕРДІГЕР: Талонды шілденің 3-і алдық. Жарамдылық мерзімі 4 ай. Ғимарат 1 қабатты. Ауданы шамамен 360 шаршы метр. Біздің жұмысымызға бүкіл ғимаратты салу және абаттандыру кіреді. Материалдардан проблема жоқ, уақытында келеді.
РКС: Кірпіш қалауға, шатырды жабуға, ішкі әрлеуге жұмысшылар тарту жоспарланып отыр. Жобаға сай фельдшер кабинеті, зертханалар және басқа да қажетті бөлмелер болады. Жаңа ғимаратта 500-ге жуық жергілікті тұрғын қажетті медицналық көмекті, сондай-ақ, физиотерапияны алатын болады.
СНХ: ОЛЬГА ЛОГУНОВА, М.ҒАБДУЛЛИН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Мәлік Ғабдуллин ауылдық округінде 1 мыңға жуық адам тұрады. 5 елді мекенді қамтиды. Кіші Түкті, Серафимовка, Қойсалған, Мәлік Ғабдуллин және Дороговка. Бұрын бізде медпункт болған, бірақ мынадай медициналық мекеме болған жоқ. Енді жаңа фельдшерлік пункт саламыз.
РКС: Зеренді ауданында 70-ке жуық денсаулық сақтау нысаны бар. Тұрғындарға медициналық көмекті 30-дан астам дәрігер мен 170-ке жуық фельдшер көрсетеді. Медициналық мекемелердің жалпы жабдықталуы 80 проценттен астам.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ